Сарбаздарды бір-бірінің ойын оқуға үйретеді
Сарбаздарды бір-бірінің ойын оқуға үйретеді
3 жыл бұрын 1693 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

АҚШ-тың әскери зерттеу зертханасы нейробиология саласындағы ауқымды жобаға қаржылай қолдау көрсететін болды. Бұл жайында islam.kz порталы C4ISRNET басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Америкалық C4ISRNET басылымындағы хабарға қарағанда, аталмыш зерттеудің мақсаты сарбаздарға компьютер арқылы өз ойларын бір-біріне жеткізуге мүмкіндік беретін жүйе құруға саяды. Майдан даласында осы уақытқа дейін байланысты қамтамасыз етіп келген рацияның күні өтіп барады - бұзылып қалуы мүмкін, жоғалуы ықтимал, т.б. Осындай себептермен телепатиялық байланысқа назар аударылып отыр. Мейлінше оперативті әрі сенімді тәсіл ретінде. АҚШ-тың әскери зерттеу басқармасы (ARO) бұл бағыттағы жобаға 6,25 миллион доллар бөліп отыр. Бес жыл ішінде аталмыш жобаны жүзеге асыру үшін. Десе сарапшылардың дені тек теориялық тұрғыдан мүмкін бұл жобаның сәтті аяқталатынына күмәнмен қарайды. Қазіргі уақытта ARO нейробиологтері адам әрекеті мен миындағы сигналдарға жауапты нейрондық сигналдарды анықтауға әрі талдауға кірісіп кетті. Әлбетте, бұл талпынысты адам ойын тура мағынасында оқумен шатастыруға болмайды, десе де мұны мидағы түрлі сигналдардың нендей мағына беретінін әрі оларды бір-бірінен қалай ажыратуға болатынын білуге жасалған алғашқы қадам деп ұғу керек. ARO бағдарламасының жетекшісі Хамид Кримнің айтуынша, ғалымдар тек сигналдарды тауып қоймай, олардың не мағына беретінін білу үшін іздену үстінде.

0 пікір
Мұрағат