Жасушадан кофе өсірілді
Жасушадан кофе өсірілді
3 жыл бұрын 1209 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Кофе – жаһандық жылынуға байланысты жойылу алдын тұрған өсімдіктердің бірі, осыған байланысты адамзат болашақта кофесіз қалмауы үшін ғалымдар жатпай-тұрмай ізденіп, түрлі тәжірибелерді қолға алып жатыр. Сондай тәжірибелердің бірегейі – жасанды ет секілді немесе жасушадан өсірілген безден сүт алу тәсілі бойынша кофе өсімдігінің жасушаларын қоректік ерітіндіге салып, қолдан зертханада өсіріп көрді. Нәтижесінде ашық түсті биомасса алынды. Бұл жайында islam.kz порталы Fast Company ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Фин ғалымдары пробиркіде өсірген кофені ұнтаққа айналдырып, қоңыр-күрең тартқанша қуырған – кофеге ұқсас ұнтақ алынды. Иісі мен дәмі табиғи кофеден еш айырмашылығы жоқ. «Өсіру процесін белгілі бір қосындылардың көп немесе аз мөлшерін алу үшін өзгертуге болады: кофеин немесе дәм»,- деп мәлімделі аталмыш зерттеуге жетекшілік еткен Хайко Ришер. Оның айтуынша, кофені пробиркіде жасанды етке қарағанда өсіру оңай. Етке қарағанда өсімдік жасушасына арналған қоректік орта арзанға түседі. Бұған қоса, олар еркін өседі, ал жануардың жасушаларын пробирканың беткі жағына бекіту арқылы өсіре аласың. Соңғы жылдары кофе өсірілетін плантациялар, әсіресе, Колумбиядағы таулы аймақтарындағы алқаптар климат өзгерісіне байланысты кофе өсіруге жарамсыз болып барады, ал Вьетнамда кофе плантациялары үшін тропикалық орман оталып жатыр. Осылайша жаһандық жылынуға жол ашатын, түбінде кофенің жойылуына алып келетін қадамдар арқылы кофе өндірісін ұлғайтуға тура келіп отыр.

Ұқсас материалдар:

«Кофенің жаңа сорты адамзатты болашақта кофесіз қалдырмайтын болды» (https://islam.kz/kk/news/arturli/kofenin-jana-sorty-adamzatty-bolashaqta-kofesiz-qaldyrmaityn-boldy-15154/#gsc.tab=0);

«Кофенің кесірінен тропикалық орман жойылу алдында тұр» (https://islam.kz/kk/news/alem/kofenin-kesirinen-tropikalyq-orman-joiylu-aldynda-tur-15030/#gsc.tab=0);

«Дәрігер суып қалған кофенің қандай қаупі барын айтты» (https://islam.kz/kk/news/arturli/paidaly-kenester/dariger-suyp-qalgan-kofenin-qandai-qaupi-baryn-aitty-14985/#gsc.tab=0); 

0 пікір
Мұрағат