Таяу Шығыстағы шиеленіс әлемді энергетикалық саясатын қайта қарауға итермелеп отыр
Таяу Шығыстағы шиеленіс әлемді энергетикалық саясатын қайта қарауға итермелеп отыр
42 минут бұрын 24 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Халықаралық энергетика агенттігінің таяудағы есебінде келтірілген дерекке сәйкес биыл энергетика саласындағы инвестиция мөлшері 3,4 трлн долларға жеткен. Бұл жайында islam.kz порталы  Asian Power ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Мұндай қыруар қаржының энергетика секторына бағытталуына ең алдымен Таяу шығыс аймағындағы дағдарыстан Азия елдерінің энергетикалық саясатын қайта қарауы себеп болған. Үрміз бұғазының бұғатталуы мен әскери операция энергетикалық қауіпсіздікке қатер төндіруде. Осыған байланысты инвестицияны эгергетиканың баламалы нұсқаларына және жаңғыртпалы энергия көздерінің инфрақұрылымына арттыру қажеттілігі пайда болды. World Energy Investment ұйымының мәліметі бойынша жаһандық энергетикалық инвестиция мөлшері 2026 жылы 3,4 трлн долларға жетіп, оның 2,2 трлн-ы электр энергиясына, атмосфераға көмірқышқыл газын аз бөлетін ядролық энергетикаға, жаңартылатын энергия көздеріне, ал 1,2 трлн-ы мұнай, газ және көмірге жұмсалады. Мұнай инвестициясы 2026 жылы 500 млрд доллардан төмендеуі мүмкін. Осымен үшінші жыл  қатарынан мұнайға инвестиция мөлшері кеміп келеді. Әдетте энергия бағасына жобалардың жүзеге асырылатын мерзімі, қазбалы отын өндірісі мен жабдығына, жеткізу тізбегінің шектеулі болуына, жаңғыртпалы энергия көздері инфрақұрылымының дамуына, т.б. факторларға байланысты. Америка құрама штаттары мен Катарда сұйытылған табиғи газды экспорттау жөніндегі жобаларды қолдауға құйылатын инвестиция мөлшері 330 млрд долларға дейін баруы мүмкін. Ал жаңғыртпалы энергия көздеріне салынатын инвестиция мөлшері 2026 жылы 665 млрд долларға жетуі ықтимал, бұл қомақты қаражаттың 365 млрд-ы күн энергетикасына бағытталады. Атмосфераға зиянды қалдықтарды бөлетін электр энергиясының өндірісіне инвестицияның 70% -дан астамы жұмсалады. Бұл ретте ядролық инвестиция мөлшері жылына 80 млрд доллардан асады. Халықаралық энергетика агенттігі, сондай-ақ, көмір өндірісіне салынатын инвестиция мөлшері 2026 жылы 180 млрд долларға дейін өсетінін мәлімдеді - бұл көрсеткіш 2012 жылдан бергі ең жоғары деңгей саналады, өйткені, Қытайда көмірмен жабдықтау шығыны әлемдік шығынның шамамен 70% -ын құрайтынын атап өтті. Азияның кейбір елдері энергетикалық қауіпсіздікті қолдау үшін көмір электр стансаларының қызмет ету мерзімін ұзартуы ықтимал. Сондай-ақ, электр энергиясына салынған инвестициялар энергияға жұмсалатын әлемдік шығындардың ең ірі бөлігі болып қала береді: 2026 жылы шығын шамамен 1,6 трлн долларға жетеді, ал түпкілікті электрмен қамтамасыз ету шығынын қоса ескергенде бұл көрсеткіш 2 трлн долларға дейін өседі. Желіге бағытталатын инвестиция 550 млрд долларға бағаланып отыр, ал аккумуляторлы сақтауға салынған инвестиция 100 млрд доллардан аспақ. Аталмыш агенттік дата-орталықтар мен жасанды зерде технологиясы тарапынан электр энергиясына сұраныстың өсуі АҚШ-ты қоса алғанда, кейбір нарықта инвестициялық моделге әсер ететінін мәлімдеді. Онда газ электр стансаларына тапсырыстар ширек ғасырда 2025 жылы ең жоғарғы көрсеткішке жеткені, бұл үрдістің ішінара дата-орталықтарға сұраныспен байланысты екені хабарланған.

0 пікір
Мұрағат