Жаңа буын антибиотигінің тиімділігі неде?
Жаңа буын антибиотигінің тиімділігі неде?
4 жыл бұрын 3152 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Лондон қаласындағы империялық колледж ғалымдары тиімді антибиотик жасау тәсілін тапты. Бұл жайында islam.kz порталы elifesciences.org ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталмыш колледж бен Техасс университетінің ғалымдары үргізген зерттеу нәтижесі аса күшті антибиотик жасаудың әлеуетті тәсілін табуға көмектеседі. Бұл бағыттағы зерттеу барысында ғалымдар колистиннің бактерияны тесіп, үрленген шар тәрізді жарылуға мәжбүрлейтініне көз жеткізген.  Колистин (сонымен қатар, E полимиксині ретінде белгілі) — Paenibacillus polymyxa бактериясының кейбір штамдары тудыратын антибиотик, кей бактерияларға қарсы тиімді. Колистин тұңғыш рет 1947 жылы хатқа түсірілген, яғни, сипатталған болатын әрі өлім қаупі жоғары супер бактерияларға, соның ішінде, ішек таяқшасы, көбінесе адамның өкпесін зақымдайтын Acinetobacter baumannii бактерияларына қарсы белсенді санаулы антибиотиктердің бірі. Супер бактериялардың мембрана деп аталатын екі қабықшасы болады. Колистин екі мембрананы да тесе алады. Колистиннің сыртқы мембрананы липополисахарид деп аталатын химиялық затпен әсер ете отырып, зақымдайтыны белгілі, алайда, ішкі мембрананы қалай тесетіні әлі күнге белгісіз. Ғалымдар бұл тарапта жүргізілген тәжірибе барысында муковисцидоз диагнозы қойылған науқастардың өкпесінде инфекция тудыратын Pseudomonas aeruginosa бактериясын пайдаланған екен. Мурепавадин деп аталатын жаңа антибиотик бактерияның ішкі терісінде липополисахаридтің жиналуына ықпал етеді, нәтижесінде колистин бактерияны оңай жоятын болады. Егер тәжірибе сәтті аяқталатын болса, мурепавадинді колистинмен біріктіріп, бактериялық инфекцияның көптеген түрін емдеуге арналған аса қуатты антибиотик алуға болады.

Ұқсас материалдар:

«Аса қуатты, әмбебап, табиғи антибиотик табылды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/asa-quatty-ambebap-tabigi-antibiotik-tabyldy-14162/#gsc.tab=0);

«Бактерияны басқаша жолмен жоятын антибиотик табылды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/bakteriyany-basqasha-jolmen-joyatyn-antibiotik-tabyldy-13223/#gsc.tab=0);

«Ара уынан дәріге төзімді бактерияларды жоятын антибиотик жасаудың тәсілі табылды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/ara-uynan-darige-tozimdi-bakteriyalardy-joyatyn-antibiotik-jasaudyn-tasili-tabyldy-14275/#gsc.tab=0);

«Өлімге апаратын аса қауіпті супербактерияның пайда болу себебі анықталды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/olimge-aparatyn-asa-qauipti-superbakteriyanyn-paida-bolu-sebebi-anyqtaldy-14761/#gsc.tab=0);

«Бактериофаг аса қауіпті супербактерияны жоя алатын болып шықты» (https://islam.kz/kk/news/gylym/bakteriofag-asa-qauipti-superbakteriyany-joya-alatyn-bolyp-shyqty-14723/#gsc.tab=0);

«Бактериялар біз ойлағаннан да әлдеқайда төзімділігін шапшаң қалыптастыруда» (https://islam.kz/kk/news/gylym/bakteriyalar-biz-oilagannan-da-aldeqaida-tozimdiligin-shapshan-qalyptastyruda-14722/#gsc.tab=0);

«Бактерияның антибиотикке төзімділігінің тағы бір сыры ашылды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/bakteriyanyn-antibiotikke-tozimdiliginin-tagy-bir-syry-ashyldy-13275/#gsc.tab=0);

«Антибиотик зиянды бактериялармен қатар пайдалы бактерияларды да жояды... Ғалымдар мұның да жолын тапқан секілді» (https://islam.kz/kk/news/gylym/antibiotik-ziyandy-bakteriyalarmen-qatar-paidaly-bakteriyalardy-da-joyady-galymdar-munyn-da-jolyn-tapqan-sekildi-13106/#gsc.tab=0

 

0 пікір
Мұрағат