Пәкістандықтар матаны банан ағашынан жасайды
Пәкістандықтар матаны банан ағашынан жасайды
2 жыл бұрын 1657 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Пәкістанның банан өсірілетін Синд провинциясында ғалымдар банан қалдығынан мата тоқу технологиясын ойлап тапты. Бұл жайында islam.kz порталы Arab News ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Осылайша жергілікті тұрғындар банан полотносын мақта баламасына айналдыруды көздеп отыр. Осы заманғы технология өндірісті барынша экологиялық жағынан зиянсыз ету бағытында көптеген мүмкіндіктерге жол ашып отыр. Пәкістандықтардың айтуынша, банан өзгенінен жасалған мата барлық табиғи матадан мықтылығымен артық әрі мұндай шикізатқа қол жеткізу үшін бананды арнайы өсіріп жатудың қажеті жоқ. Өйткені, банан ағашы жылына тек бір-ақ рет өнім береді, жиын-теріннен кейін оны кесіп тастайды. Бір ғана инд провинциясында ондаған банан қалдығын жойып жатады. Иниатулла Ражбар есімді пәкістандық профессордың айтуынша, бананнан тек мата алынбайды, сонымен қатар, өсімдіктің осынау түрінен тыңайтқыш та әзірленеді. Осылай дей келе банан қалдығын өңдеудің қоршаған орта үшін маңызына тоқталды – жыл сайын осы провинцияның өзінде 35 тонна банан қалдығы өртеледі, қалғаны ашық далада шіріп жатады. Әрбірден соң бұл технология Пәкістанның мата тоқыма өндірісіне тың серпін береді. Соңғы жылдары мата өндірісі аталған елде бұрынғы көрсеткішпен салыстырғанда екі есе төмендеп кеткен еді. Бұған мата шикізатының шетелден тасымалданатыны себеп болған. Хайдерабад агрономы Ғұлама Сәруар Панбардың сөзіне қарағанда, мақтаға қарағанда бананның келешегі зор, олай болатыны – бір 4 шаршы метрден асатын жерде 840 доллардың мақтасын өсіре аласыз, ал мұндай жерде 1500 доллардың бананын өсіруге болады. Дегенмен Bari Textile Mills Pvt тоқыма фабрикасының қожайыны Мұстафа Бари аталмыш технологияны қосымша зерттей түсу қажеттігін алға тартып отыр. Өйткені, пәкістандық матаны көп импорттайтын елдер Еуропалық одақ құрамындағы елдер. Олар сапалы тауарды ғана талғап алады.

Ұқсас материалдар:

«Кактустан тері алу тәсілі табылды» (https://islam.kz/kk/news/arturli/kaktustan-teri-alu-tasili-tabyldy-foto-13817/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат