Ғалымдар шауһат өндіретін генді тапты. Сперматозоид ДНҚ-ның зақымдалған жерін қалпына келтіруге қабілетті болып шықты
Ғалымдар шауһат өндіретін генді тапты.  Сперматозоид ДНҚ-ның зақымдалған жерін қалпына келтіруге қабілетті болып шықты
2 жыл бұрын 1560 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Ерлердің бойында Cdc42 генінің болмауынан Sertoli жасушаларының ығысуы орын алады. Осыдан барып жас ұлғайған сайын ерлердің сперматозоидті істеп шығару қабілеті төмендейді. Бұл жайында islam.kz порталы Phys.org ақпарат көзі мен аталмыш зерттеу материалы жарияланған Cell Reports мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Sertoli жасушалары сперматозоид түзілетін  аталық бездердегі (жартылай түтіктер) ұзын әрі тар түтіктердің ішкі қабырғаларын «төсейді». Олар дамып келе жатқан сперматозоидты қоректік заттармен қамтамасыз ететін қондыру стансалары секілді әрекет етеді. Бұл бағыттағы зерттеу нәтижесі көрсеткендей, Cdc42 гені болмаса немесе ол жұмыс істемесе, Sertoli жасушаларының полярлығы бұзылады. Яғни, ығысып, «тепе-теңдігін» жоғалтады. Осыдан барып олар аталық бездердегі түтіктердің ішінде бұрыс бекитін болады. Аралас жасушалар өледі немесе сперматозоидті әлсіз қолдайды, ал организмнің сперматозоидтің тұрақты қорын өндіру қабілеті төмендейді. Аталған зерттеуге жетекшілік еткен ғылым докторы  Тони Де Фалконың айтуынша, Cdc42 генінің ерлердің ұрық жүйесінде қалай жұмыс істейтінін зерттеу өз кезегінде бұл генді белсіздікті анықтаудың негізгі өлшемі, яғни, биомаркері ретінде пайдалануға мүмкіндік береді. Болашақта бұл жаңалық ерлердің белсіздігін емдеуде маңызды рөл ойнайтын болады. Ғалымдардың пайымдауынша, Sertoli жасышаларының қызметін жақсарту арқылы ерлердің ұрық өндіру қабілетін арттыруға болады.

Сперматозоид ДНҚ-ның зақымдалған жерін қалпына келтіруге қабілетті болып шықты

Ғалымдардың анықтауынша, сперматозоид генінің белсенділігі келесі ДНҚ-ны келесі ұрпаққа табыс етпес бұрын оны қалпына келтіре алады. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш зерттеу материалы жарияланған Cell мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұрынғы зерттеу нәтижелерінен белгілі болғандай, адам сперматозоиді өзіндегі генді 90%-ға дейін белсендіре алады. Бұл процесс жануарлар мен жәндіктердің көбісіне тән. Көптеген ағзаларының жасушаларындағы гендердің шамамен 60%-ы белсенді болып келеді. Осының өзі жасушаның өз функциясын орындауына жетіп жатыр. Нью-Йорк, Техасс және Колумбия жоғарғы оқу орындарының ғалымдарының тұжырымы бойынша гендер ДНҚ-дағы зақымдалған жердің қалпына келуіне атсалысып, келесі ұрпаққа берілетін генетикалық ақпараттың (генетикалық жадының) жоғалмауын қамтамасыз етпек. Нью-Йорк университетінің медицина факултетінің биохимия және молекулярлы фармакология кафедрасының профессоры Итай Янайдың айтуынша, сперматозоидтегі репарация (қалпына келу)  генде төмен болып келеді, сирек жағдайда белсенділігі артады. Мұдай жағдайда гендердің бірі сақталып, енді біреулері өзгеріп отырады организмнің өмір сүруі үшін. Мұндай мысалды иммунитетпен байланысты аймақтардағы гендермен түсіндіріп көруге болады. Өйткені, ол үнемі дамып отыруы керек, өйткені, организм үнемі өзгеретін (мутацияға ұшырайтын) бактериялар мен вирустарды танып, оларды жоюы үшін өзгерісті қажет етеді. Ғалымдар бұл тарапта сперматозоидтің жетілуі барысында гендер экспрессиясының заңдылығын сараптап көрген екен. Алдымен олар тәжіриеге қатысқандардың биопсиясынан алынған адамның ұрық безінен тін үлгілерін жинады. Микрофлюидті құрылғыны пайдалана отырып, барлық жасушаларды арнайы түтікке салады. Түтіктің ішінде әрбір ұяшық шағын сынаушы ретінде әрекет ететін өз тамшысына орналастырылды. Әрбір тамшының құрамындағы ферменттер асушаны «ашып», генетикалық материалдыңәрбір  транскрибтік фрагментіне белгі бекітті. Содан кейін таңбаланған транскрипттер сперматозоидтардың жетілуінің әрбір нүктесінде гендері қосылған карталарды жасау үшін пайдаланылды Осыдан кейін ғалымдар бұл нәтижелерді адам популяциясының мәліметтер базасындағы ДНҚ-ның белгілі нұсқаларымен салыстырып көрді – гендердің қалай «жөнделгенін» бағалау үшін. Ғалымдар көз жеткізгендей, сперматозоидтардың дамуы кезінде бірнеше рет белсендірілген гендер экспрессияланбаған гендерге қарағанда 15-20%-ға аз ДНҚ кодының қателерін қамтыған. Ғалымдар мұндай нәтижені транскрипциямен байланысты қалпына келу процесінен көріп отыр. Аталмыш процесс тарнскрипция алдында ДНҚ-ның зақымдалған аймағын алмастыра алады. РНҚ транскриптысы ақуыздарды түзу үшін «оқылады». Бұл бағыттағы зерттеу өз кезегінде жасы ұлғайғанда перзент сүйгісі келген әкелер сперматозоидіндегі өзгерістермен байланысты тұқым қуалайтын аурулардың себептеріне үңілуге мүміндік береді. Өздеріңіз білесіздер, ерлердің ұрық жасушалары адам өмірден өткенше бөлініп, көбейеді – әр циклде қателік болып жатады. Осы қателіктің кесірінен тұқым қуалайтын аурулардың пайда болу қатері артады.

Қарай отырыңыздар:

«Діңгекті жасушалардан шәуһат жасалды. Бұл белсіздік пен бедеулікті емдеуде көмектеседі» (https://islam.kz/kk/news/gylym/dingekti-jasushalardan-shauhat-jasaldy-bul-belsizdik-pen-bedeulikti-emdeude-komektesedi-15925/#gsc.tab=0);

«Сперматозоидтің қозғалу сыры ашылды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/spermatozoidtin-qozgalu-syry-ashyldy-15672/#gsc.tab=0);

«Сперматозоидтің неліктен тігінен жылжитыны белгілі болды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/spermatozoidtin-nelikten-tiginen-jyljityny-belgili-boldy-14654/#gsc.tab=0);

«Сперматозоидтің таңғажайып «биі»: белсіздікпен күрестің тың тәсілі пайда болуы мүмкін» (https://islam.kz/kk/news/gylym/spermatozoidtin-tangajaiyp-bii-belsizdikpen-kurestin-tyn-tasili-paida-boluy-mumkin-video-13948/#gsc.tab=0);

«Шәуһадтың да жадысы бар болып шықты» (https://islam.kz/kk/news/gylym/shauhadtyn-da-jadysy-bar-bolyp-shyqty-13500/#gsc.tab=0);;

«Жылу стресінің шәуһатты қалай зақымдайтыны белгілі болды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/jylu-stresinin-shauhatty-qalai-zaqymdaityny-belgili-boldy-14338/#gsc.tab=0);

«Қандай жұптарда ұл бала көп пайда болатыны анықталды" (https://islam.kz/kk/news/madeniet/qandai-juptarda-ul-bala-kop-paida-bolatyny-anyqtaldy-13474/#gsc.tab=0);

«Ғалымдар ерлер белсіздігін емдеудің тың тәсілін тапты» (https://islam.kz/kk/news/gylym/galymdar-erler-belsizdigin-emdeudin-tyn-tasilin-tapty-14302/#gsc.tab=0);

«Әйелдер ерлерсіз де ұрпақ өрбіте алатын болып шықты» (https://islam.kz/kk/news/gylym/aielder-erlersiz-de-urpaq-orbite-alatyn-bolyp-shyqty-11874/#gsc.tab=0);

«Ұрықтан дененің қалыптасуының алғашқы сәті таспаға тартылып қалды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/uryqtan-denenin-qalyptasuynyn-algashqy-sati-taspaga-tartylyp-qaldy-video-14784/#gsc.tab=0);

«Жасы ұлғайғанда перзент сүйгісі келетін ер адамнан ұрпағына берілетін мутация қатері жоғары» (https://islam.kz/kk/news/gylym/jasy-ulgaiganda-perzent-suigisi-keletin-er-adamnan-urpagyna-beriletin-mutatsiya-qateri-jogary-15305/#gsc.tab=0);

«Кеш әке атанудың қасіреті мен қатері қандай?» (https://islam.kz/kk/news/arturli/kesh-ake-atanudyn-qasireti-men-qateri-qandai-8818/#gsc.tab=0);

«50 жастан кейін әке атану мүмкіндігі үштен бірге азаяды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/50-jastan-keiin-ake-atanu-mumkindigi-ushten-birge-azayady-15671/#gsc.tab=0);

"Ширек ғасырдан кейін ерлер ұрпақ өрбіту қабілетінен айырылуы мүмкін..." (https://islam.kz/kk/news/arturli/shirek-gasyrdan-keiin-erler-urpaq-orbitu-qabiletinen-aiyryluy-mumkin-15188/#gsc.tab=0); 

"Шала туған ұл балалар басқаларына қарағанда ерте қартаяды" (https://islam.kz/kk/news/gylym/shala-tugan-ul-balalar-basqalaryna-qaraganda-erte-qartayady-15243/#gsc.tab=0);

"Шала туған шараналардың қауіпті дертке шалдығу қатері жоғары" (https://islam.kz/kk/news/gylym/shala-tugan-sharanalardyn-qauipti-dertke-shaldygu-qateri-jogary-15568/#gsc.tab=0) 

0 пікір
Мұрағат