Саудияда WhatsApp-тағы топтан біреуді шығарсаң, түрмеден бір-ақ шығуың бек мүмкін... Неге?
Саудияда WhatsApp-тағы топтан біреуді шығарсаң, түрмеден бір-ақ шығуың бек мүмкін... Неге?
1 жыл бұрын 704 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Егер сіз Саудияда тұратын болсаңыз, сізге WhatsApp мессенджерінен біреуді өшіруге ниеттенсеңіз, алдымен ойланып әрекет ететін боласыз. Саудиялық заңгерлердің айтуынша, былай қарасаң, еш айыбы жоқтай көрінетін бұл әрекетіңіз үшін абақтыға жабыласыз немесе аса ірі мөлшерде айыппұл арқалайсыз. Бұл жайында islsm.kz порталы golosislama.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ахмет Ажаб есімді заң кеңесшісі «Мекке» мерзімді басылымының дүйсенбі күнгі санында мәлімдегендей, саудиялықтар осындай ескерту жасады. Заңгер Саудияның киберқылмыс туралы заңындағы параграфты келтіре отырып, ақпараттық технология көмегімен біреуге жала жабу немесе залал келтірудің арты жақсылыққа апармайтынын айтты. Оның сөзіне қарағанда, WhatsApp-тағы топтан біреу өшірілетін болса, ол тиісті орындарға шағымдана алады. Оны өзіндегі аталған мессенджерден өшірген адам бір жылға дейін бас бостандығынан айырылады немесе ұлттық валюта бойынша 500 000 риал (133 300 доллар) мөлшерінде айыппұл төлейді. Саудиялық араб заңнамасы бойынша мұндай әрекет адамның қадір-қасиетін қолдан төмендетумен бірдей әрекет ретінде бағаланады. WhatsApp пайдаланушыларының зәресін алған бұл хабарлама  қоғамда кәдімгідей дүрбелең тудырған екен. Дегенмен Пауаз ад-Дахил есімді тағы бір заңгер әріптесінің бұл мәлімдемесін асыра айтылған деп отыр. Ал Халид әл-Махмади есімді тағы бір заңгердің сөзіне қарағанда, WhatsApp-тағы топтан өшірілген мүшесі азаматтық сотқа шағым түсіргенімен оның үстінен қылмыстық іс қозғалмайды.

0 пікір
Мұрағат