Ғалымдар нейрондарды жібекпен қалпына келтірудің жолын тапты
Ғалымдар нейрондарды жібекпен қалпына келтірудің жолын тапты
12 ай бұрын 945 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Әлемге әйгілі Оксфорд университетінің ғалымдары нейрондарды жібекпен (белгілі бір жәндіктердің сілекейінен түзілетін субстрат (биохимиялық процесс – ред.) қалпына келтіру әдісін тапты. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш зерттеу материалы жарияанған Advanced Healthcare Materials мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл бағыттағы тәжірибе барысында жібектің екі түрінен жүйке арналарын әзірледі: түтіктердің жақтауына (каркас) жібек құртынан жасалған жібек, ал ішкі жағына өрмекшінің жібі, яғни, жібегі пайдаланылды. Арналардың жұмысы жануарлар үлгісінде тексерілді. Нәтижесінде зақымдалған жүйкелер жаңа жібек арналарында тамыр алып, бүлінген жүйке ұштары қалпына келгенше өскен. Ғалымдар жібек құртының жібегінен жасалған түтіктердің қоректік заттардың қалыпты алмасуы және қалдықтарды кетіру үшін кеуекті қабырғасы болатынын алға тартып отыр. Зерттеушілер түтіктердің беріктігін қамтамасыз ететін молекулалық құрылымын да ескерді.

0 пікір
Мұрағат