Климат өзгерісі жыл құстарының көшу бағыты мен мерзімін өзгертуде
Климат өзгерісі жыл құстарының көшу бағыты мен мерзімін өзгертуде
11 ай бұрын 887 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Жаһандық жылынуға байланысты орын алған экологиялық дағдарыс пен климат өзгерісінен жыл құстарының көшу бағыты мен мерзімі өзгеріп жатыр. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш зерттеу материалы жарияланған Nature Climate Change мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Миллиондаған құс жыл бойы азық пен ұрпақ өрбітуге жайлы жер іздеп, құрлықтар мен мұхиттарды кесіп өтіп, күллі әлемді шарлайды. Барлық құс түрінің шамамен 40 пайызы (4000-ға тарта түрі) ұдайы көшіп-қонып жүреді. Әдетте жыл құстарының тіршілігі су эко-жүйесімен тығыз байланысты. Алайда, қоршаған ортаның ластануы мен таза су көздерінің тартылуы немесе бітелуі олардың тіршілік ету ортасын тарылтып, жойылу қатерін төндіруде. Жаһандық жылынуға байланысты көктем мезгілі ерте басталатын болып жүр, соған байланысты жыл құстары ерте көшуге қамданады. Соңғы 50 жылдағысымен салыстырғанда кей құстар бір апта ерте көшеді.

0 пікір
Мұрағат