АҚШ әуе күштерінде «күш өрістерімен» қорғану технологиясы пайда болды
АҚШ әуе күштерінде «күш өрістерімен» қорғану технологиясы пайда болды
12 ай бұрын 740 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

АҚШ ғылыми фантастикадағы көптеген концепцияларды нақты өмірде қолдануға болатынын көрсетіп келе жатқан ел ретінде алға шығады. Соның ішінде күш өрісі деп аталатын технология көмегімен қорғанудың нақты мүмкіндіктерін ашты. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Америка құрама штаттарының Нью-Мексико штаты аумағында орын тепкен  Киртланд авиабазасындағы әскери әуе күштерінің зерттеу зертханасының бұл тараптағы материалдарына жөн сілтеген The Drive ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Directed Energy Futures 2060 есебінде келтірілген мәліметке сәйкес 2060 жылға қарай энергетикалық қарулар кіретін ұшқышсыз ұшақтар мен оқтұмсықтарды тойтару арқылы әскери базаларды қорғай алатын «күш өрістері» пайдаланылуы мүмкін, соның ішінде көп қабатты қорғаныс жүйесін құрудың бір бөлігі ретінде «зымыранға қарсы қорғаныс қолшатыры» қалыптастырылады. Breaking Defense дерек көзінің жазуынша, қорғанысқа арналған мұндай концепция жасанды зерде мүмкіндіктері мен лазерлі қаруды пайдалануды ұйғарады. АҚШ Әскери-әуе күштерінің зерттеу зертханасы бұл мүмкіндіктер бірнеше шақырымдық «тактикалық маңызды қашықтықта жойқын әсерлер тудыруы мүмкін» 100 киловатт лазерлік қару жүйесін жасауға мүмкіндік беретінін айтады. Мұндай жүйелердің негізгі проблемасы - олардың бір уақытта бірнеше нысанаға тию мүмкіндігінің шектеулілігі.

0 пікір
Мұрағат