ДНҚ-ның жасушаға ену барысындағы өзгеше «биі» (видео)
ДНҚ-ның жасушаға ену барысындағы өзгеше «биі» (видео)
3 жыл бұрын 3099 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Естеріңізде болса, осыдан тура бір апта бұрын сайтымыздың жаңалықтар таспасында РНҚ-ның бүктеліп-жазылатыны турасында материал жариялағанбыз (қараңыз: «РНҚ-ның бұрын-соңды болмаған видеосы жарияланды (видео)» (сілтемесі: https://islam.kz/kk/news/gylym/rnq-nyn-buryn-sondy-bolmagan-videosy-jariyalandy-video-14817/#gsc.tab=0).  Бұл жолы ДНҚ-ның жасушаға қалай енетінін, жасушаға ену кезіндегі әрекетін сөз етпекпіз. Біріккен королдік ғалымдары ДНҚ-ның жасушаға енуі кезінде қалай түрлі формаға енетінін таспаға тартып алыпты. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш зерттеу материалы жарық көрген Nature Communications мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ғалымдар бұл тарапта жоғары технологиялы микроскоптың және моделдеудің комбинациясы көмегіне жүгініп осындай жетістікке қол жеткізе алғанын айта кету керек. Жасушаға ену үшін генетикалық материал майыса бұралуы тиіс, яғни, ДНҚ–ға тән шектен тыс спиралдану процесі көз алдыңызда өтеді. Адам жасушасы екі метрге жуық ДНҚ-ны қамтиды. Адам жасушасының микрометрмен есептелетін көлемге ие екенін ескерсек, ДНҚ ішіне енуі үшін қалай тырысатынын аңғарасыз. ДНҚ-ның молекулалары неғұрлым түрлі пішінге ене алса, соғұрлым өзге субстраттармен байланысу мүмкіндігі артады. ДНҚ-ның бұл түрлі формаға қалай енетінін бақылау арқылы емі табылмаған аурулардың табиғатын түсінуге септігін тигізбек.

Ұқсас жаңалықтар:

«ДНҚ-ның қорқынышты тізбегі...» (сілтемесі: https://islam.kz/kk/news/gylym/dnq-nyn-qorqynyshty-tizbegi-14681/#gsc.tab=0) 

0 пікір
Мұрағат