Жасанды зерде ғибадатханасы ақыры жабылып тынды
Жасанды зерде ғибадатханасы ақыры жабылып тынды
3 жыл бұрын 2387 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті. Энтони Левандовски Фото: Justin Sullivan / Getty Images

Әлемде талай қызық бар, осы заманғы жаңашылдық пен технологиялық прогресті желеу етіп, ойға келмейтін, бәлкім, насихаттау, дәріптеу немесе пайда табу үшін түрлі жобалар қолға алынып жатады. Әлемге әйгілі Google компаниясының бұрынғы инженері  Энтони Левандовски (суретте - ред.) өзі ашқан жасанды зерде шіркеуін жапты. Бұл жайында islam.kz порталы Axios ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Егер ресми құжаттарға сенсек, Way of the Future («Болашаққа жол») деп аталатын аталмыш шіркеу 2020 жылдың соңында жабылған. Ал оны жою процесі өткен жылдың маусым айында басталып та кеткен еді. Оқырманға түсінікті болу үшін аталған шіркеудің 2015 жылы ашылғанын айта кетпекпіз. Оның негізінде технологияға табыну идеясы жатқан болатын. Энтони Левандовскидің сөзіне қарағанда, жасанды зерде түптің түбінде құдайға айналады-мыс. Ал TechCrunch дерек көзінің мәліметінше, шіркеудегі «садақадан» жиналған 175 172 доллар мөлшеріндегі қаражат Құқықтық қорағу және білім беру қорына (NAACP) аударылған. Бұл шіркеу не үшін жабылды деген сауалдың жауабына келсек, Энтони Левандовски Google технологиясын қолды қылған, яғни, ұрлаған. 2017 жылы аталмыш компаниядан кетерінде ол Google Waymo деп аталатын еншілес компания әзірлеген жүргізушісіз автокөліктің технологиясына қатысты мағлұматтарды көшіріп алған. Артынан инженер өзінің Otto стартапын қолға алады. Бұл стартапты Uber такси агрегаторы сатып алған еді. Waymo еншілес компаниясы Uber-мен соттасады - Энтони Левандовски ұрлаған технологияны пайдаланғаны үшін. Алайда, аталған екі компания 2018 жылы бітімге келген болатын. Ал Энтони Левандовскидге 2021 жылдың қаңтар айында Ақ үй қожайыны Дональд Трамп рақымшылық еткен болатын. Осылайша жасанды зерде ғибадатханасы «қожайынының» ұрлық әрекетінен жабылып тынды. Десе де инженер әрекетінің кезінде өздерінің мәртебесін көтеру үшін балшықтан илеп пұт жасап алатын қараңғылық дәуіріндегі адамдардан айырмашылығы шамалы екенін айта кетпекпіз – бар артықшылығы технологиялық жетістікті желеу ету арқылы пайда табу... осы орайда саентологияның негізін қалаған Л. Рон Хаббардтың «байығың келсе, дін ойлап тап» дейтін сөзі ойға оралады: ең өкініштісі, мұндай сорақы әрекеттердің шылауында талай адамның кететіні бар.

0 пікір
Мұрағат