Дарвиннің тағы бір тұжырымы жалған болып шықты
Дарвиннің тағы бір тұжырымы жалған болып шықты
3 жыл бұрын 4591 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Америкалық палеонтологтар аңызға айналған, эволюция атасы атанған Чарльз Дарвиннің толықтай жұмсақ организмдердің бірде-бір бөлігі сақталмайды дейтін тұжырымының өтірік екенін әшкереледі. Бұл жайында islam.kz порталы Sciencealert ғылыми ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Америкалық ғалымдар жұмсақ органимді тіршілік иелерінің, соның ішінде медузаның белгілі бір жағдайда тіні шіріп кетпейтінін дәлелдеп берді. Осы уақытқа дейін Дарвиннің аталмыш теориясына құлай сеніп келген палеонтологтар суда тіршілік еткен ежелгі организмдердің ішкі ағзаларын тапты. Ішанара алғанда, бұл бағытта табанды зерттеу жүргізе отырып, осыдан 310 млн жыл бұрынғы таға тәрізді шаянның миын тауып алды. Көне бунақаяқтының миы туралы деректің көбісі қазып алынған янтар қыртысынан  алынған. Тасқа айналған янтарды визуализациялау әдісімен палеонтологтар үш өлшемді бейнеде титтей бунақаяқтының миын зерделеуге мүмкіндік алды. Янтар қыртысынан табылған ең көне бунақаяқтының өзі Триас кезеңіне, яғни, шамамен 230 млн жыл бұрынғы дәуірге жатады. Ал Берджесс сланцтық түрінің қыртысы одан гөрі ары кетеді – 500 млн жылдан 520 жылға дейін аралықты қамтиды. Бұл қыртыс АҚШ-та 1909 жылы ашылған әрі Чарльз Дарвиннің бұл қыртыс туралы білмейтіні белгілі. Мұндай тасқа айналған мүсіндер ең ежелгі жануарлар туралы мәлімет алуға көп мүмкіндік береді. Тасқа айналу процесінде дауыл мен нөсерден пайда болатын тасқын селдің маңызы зор, ол ежелгі оргаганизмдердің қалдықтарын оттегі құрамы аз теңіз қойнауына жеткізеді. Бұл өз кезегінде көне жануар қалдығының жақсы сақталуына көмектеседі. Берджесс сланцты түріне қатысты бунақаяқтылардың көптеоен ішкі ағзалары, әсіресе, ішектері жақсы сақталған. Алайда, таға тәрізді шаянның тасқа айналған мүсінінің Иллинойс штатындағы әлемге әйгілі Мазон-Крик кен орны аумағынан табылғанын айта кету керек. Мазон-Крик кен орны аумағынан табылған жануардың сидериттің жылдам қалыптасуы нәтижесінде сақталған, яғни, ішкі ағзалары шіріп үлгермей жатып сидерит оны қаптап үлгерген. 

Ұқсас материалдар:

«Даврин теориясының тағы бір қателігі әшкере болды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/davrin-teoriyasynyn-tagy-bir-qateligi-ashkere-boldy-15428/#gsc.tab=0);

«Чарльз Дарвинның теориясын жоққа шығаратын тағы бір теория пайда болды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/charlz-darvinnyn-teoriyasyn-joqqa-shygaratyn-tagy-bir-teoriya-paida-boldy-13901/#gsc.tab=0) 

Членистоногие из сланцев Берджесс (Burgess Shale) - Разное

0 пікір
Мұрағат