Болашақта жәндік адамзаттың негізгі қорегіне айналады
Болашақта жәндік адамзаттың негізгі қорегіне айналады
20 күн бұрын 296 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Қоршаған ортаның ластануы, жаһандық жылыну, ресурстардың шектеулігі және адамзат қарасының жылдан жылға көбеюі таяу болашақта азық-түлік тапшылығын арттырады, осындай факторларға байланысты жәндіктер адамның негізгі қорегіне айналады, дәлірегі, жәндік – негізгі ақуыз көзі болады. Сарапшылар мен тағам неркәсібінің өкілдері осындай сценаридің орын алатынын алға тартып отыр. Бұл жайында islam.kz порталы bbc.com ақпарат кзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Демографтардың болжамы бойынша 2050 жылға қарай адамзат қарасы 9,8 млрд адамға жетеді. Яғни, қазіргі деңгейіне қарағанда екі млрд адамға артады. Әдеттегі ауыл шаруашылығы осынша адамды қажетті азық-түлікпен қамтамасыз ете алмайды. Ұлыбританиядағы тағам стандарттары жөніндегі агенттіктің бас ғылыми кеңесшісі, профессор Робин Мэй бұл тарапта жәндіктердің көмекке келетінін алға тартып отыр. Дәлірегі, жәндіктен ақуыз өндіру құны арзанға түседі, екіншіден, майы аз, ең бастысы – қоршаған ортаға тигізер зияны, мәселен, ет өндірісіне қарағанда өте төмен: ет өндірісі – 99 пайыз, ал жәндіктен азық алу өндірісі – 1 пайыз. Бұдан бөлек, жәндіктер үшін жер жыртып жатпайсыз, суды да молынан үнемдейсіз. Бұл бағытта әлемнің кейбір елдерінде жәндіктерден азық алу өндірісі қолға алынып жатқанын да айта кетпекпіз, мәселен, Hargol FoodTech израилдік компания шергірткеден хош иістендірілген конфет шығара бастады. Еуропалық одақ шегіртке мен құрттың кейбір түрлерін азық ретінде тұтынуға болатынын мойындап қойды. Мәселен, Ynsect француз фирмасы құрттан протеиндік ұнтақ шығарып, оны энергетикалық нанда, пастада және гамбургерде қолдана бастады. Дегенмен жәндіктен әзірленген азықтың адамға қалай әсер ететіні әлі терең зерттелмеген. Жәндіктердің ақуызы қандай аллегргиялық реакция тудыратынын немесе адам организіміндегі микроорганизмдерге қалай әсер ететінін анықтаған емес. Десе де Британ тағам қорының қоғаммен байланыс жөніндегі менеджері Бриджит Бенелам бұл тарапта қосымша зерттеу жұмыстары жүргізілетініне сенім білдіріп отыр. Оның айтуынша, кей жәндіктердің бойында кездесетін улы заттар мен пестицидтер адамға қауіпті. Бұл айтылғандардан бөлек, әлемде жасанды ет өндірісімен айналысатын кәсіпорындар көбейіп келеді, сондай-ақ, соя етін өндіретін Impossible Foods компаниясы америкалық мейрамханаларда наггетсты саудаға шығарып жатыр, ал немістердің Formo компаниясы жасанды ірімшік өндірісі үшін 50 млн доллар қаражат тартты.

Ұқсас материал: 

Өзбекстанда жеуге арналған шегірткелер өсіріле бастады (https://islam.kz/kk/news/alem/ozbekstanda-jeuge-arnalgan-shegirtkeler-osirile-bastady-15364/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат