Ислами отбасын құру орталығы ашылды
Ислами отбасын құру орталығы ашылды
20 күн бұрын 251 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Ресей Федерациясының мұсылман кәсіпкерлерінің қауымдастығы Қазан қаласында мұсылмандарға арналған отбасын құру орталығын ашты. Бұл жайында islam.kz порталы islamnews ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. «Яратам» деп аталатын (татар тілінен аударғанда «жақсы көремін» мағынасын береді – ред.) орталықтың ашылу мұраты соңғы жылдары әлеуметтік дертке айналып келе жатқан жалғызілікті өмір салтына тойтарыс беруге, дәлірегі, жар іздеген мұсылманға сыңарын тауып беруге саяды. Осы мақсатта аталмыш орталық үйленуге ниет білдіргендерді таныстырады, олар туралы ақпарат жинайды, талдайды, сұрыптайды, анкета құрылымын тізеді, сондай-ақ, өмірліек серігін іздегендерге кездесу ұйымдастырып береді. Бір қызығы, ашылғанын көп уақыт өте қоймаса да орталықтың деректер базасынан Қазан, Уфа (Башқұртстан астанасы – ред.), Мәскеу, тіпті, Стамбұл қалаларынан өтініш бергендердің аты-жөнін кездестіруге болады. Бұл жоба жар іздегендерді тегін тіркейді, алайда, өзге қызметі үшін ақы алуы мүмкін.

0 пікір
Мұрағат