Бидай ақуызынан ет жасалды
Бидай ақуызынан ет жасалды
3 ай бұрын 744 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Фото: ACS Biomaterials Science & Engineering (2024) / phys.org

Америка құрама штаттарының Тафтс университетінің ғалымдары жоғары сапалы синтетикалық етті өсіру үшін гипоаллергенді бидай протеинін пайдаланды. Бұл жайында islam.kz порталы ACS Biomaterials Science & Engineering мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл тарапта глютенин бұлшықет пен май жасушаларына жолақты бұлшықет қабаттары мен жалпақ май қабаттарын қалыптастыруға көмектеседі, ал бұл процесс өз кезегінде ет құрылымын қалыптастырады. Бұрынғы зерттеушілер өсімдік тектес глютенин пленкасы сиыр қаңқасының бұлшықет жасушаларын өсіру үшін қолайлы субстрат бола алатынын дәлелдеген еді. Дегенмен, бұлшықет жасушалары нақты тіннің құрылымына ұқсас тураланған талшықтарды түзуі тиіс. Сонымен қатар, кәдімгі ет өнімдерінің құрамын қайталау үшін майды үш өлшемді өскінге қосу керек. 3D, яғни, үш өлшемді жасуша өскіні - биологиялық жасушалар қоршаған ортамен әрекеттесуге қабілетті жасанды орта. Ғалымдар гипоаллергенді глютенинді 3D өскініне тірек ретінде қызмет ететін пленкаларды жасау үшін қолдануға шешім қабылдады. Ақуыз бидай глютенінен бөлініп алынды, содан кейін бұлшықет жасушалары қырлы ақуыз тіректеріне орналастырылды, содан кейін өскін екі апта бойы инкубацияланды (жалпақ тілмен айтқанда, тұқым салды). Сонымен қатар, ғалымдар глютениннің жалпақ пленкаларына май жасушаларының қабатын қолданды. Бұлшықет жасушаларын өсірудің екінші аптасында жануарлардың жолақты бұлшықет талшықтарының құрылымын қалпына келтіре отырып, ұзын параллел шоғырлар түзді, ал май жасушалары липидтер мен коллаген шөгінділерін түзді. Бұл қабаттарды етке ұқсайтын үш өлшемді ақуыз өскінін қалыптастыру үшін бірінің үстіне бірін қабаттауға болады.

Ұқсас материалдар:

"Нидерланды әлемде алғашқы болып жасанды ет дегустациясын заңдастырды" (https://islam.kz/kk/news/alem/niderlandy-alemde-algashqy-bolyp-jasandy-et-degustatsiyasyn-zandastyrdy-18888/#gsc.tab=0);

"Арзан, жасанды ет өндірудің жаңа тетігі пайда болды" (https://islam.kz/kk/news/gylym/arzan-jasandy-et-ondirudin-jana-tetigi-paida-boldy-18590/#gsc.tab=0);

«Жасанды ет өндірісінде медициналық регенеративті әдіс қолданылады» (https://islam.kz/kk/news/gylym/jasandy-et-ondirisinde-meditsinalyq-regenerativti-adis-qoldanylady-14904/#gsc.tab=0);

«Магнит өрісімен жасанды ет өсірілді» (https://islam.kz/kk/news/gylym/magnit-orisimen-jasandy-et-osirildi-17443/#gsc.tab=0);

«Жасанды ақуыздан жасалған бұлшық ет санаулы секунд ішінде өздігінен қалпына келеді» (https://islam.kz/kk/news/gylym/jasandy-aquyzdan-jasalgan-bulshyq-et-sanauly-sekund-ishinde-ozdiginen-qalpyna-keledi-video-13918/#gsc.tab=0);

«Жасанды ет өндірісінің кәдімгі ет өнімдерінен қандай айырмашылығы бар» (http://islam.kz/kk/news/alem/jasandy-et-ondirisinin-kadimgi-et-onimderinen-qandai-aiyrmashylygy-bar-12523/#gsc.tab=0);

"Жасанды жылқы еті өсіріледі" (https://islam.kz/kk/news/gylym/jasandy-jylqy-eti-osiriledi-13089/#gsc.tab=0);

«Әлемде жасанды ет өндіретін алғашқы фабрика ашылды» (https://islam.kz/kk/news/alem/alemde-jasandy-et-ondiretin-algashqy-fabrika-ashyldy-15427/#gsc.tab=0);

"Жасанды ет компанияларының қатары артып келеді" (https://islam.kz/kk/news/alem/jasandy-et-kompaniyalarynyn-qatary-artyp-keledi-14643/#gsc.tab=0);

«Жасанды ет өсіретін зауыт құрылысы салынады» (https://islam.kz/kk/news/madeniet/jasandy-et-osiretin-zauyt-qurylysy-salynady-13088/#gsc.tab=0);

"Жасанды ет төңірегіндегі талас-тартыс өршіп барады" (https://islam.kz/kk/news/alem/jasandy-et-toniregindegi-talas-tartys-orship-barady-12689/#gsc.tab=0

0 пікір
Мұрағат