Балдың қанша уақытқа дейін сақталатыны жөнінде ғалымдар ортақ тұжырымға келе алмады
Балдың қанша уақытқа дейін сақталатыны жөнінде ғалымдар ортақ тұжырымға келе алмады
3 ай бұрын 807 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Бал бактерияға қарсы қасиетке ие. Бұл жайында islam.kz порталы IFLScience ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ғалымдардың балдың қанша мерзімге дейін сақталатыны турасындағы пікірі әрқилы. Балдың құрамында 181 зат кездеседі, алайда, бал құрамының көбісі су мен қанттан тұрады. Бал құрамындағы судың мөлшері шамамен 80 пайыз болса, қанттың деңгейі 20 пайызды құрайды. Балдың құрамы да араның түріне, өсімдік түріне, тіпті, ауа-райына байланысты өзгереді. Балдың дәмі де осыған байланысты әрқалай болып келеді. Міне, осындай себептер мен факторларға байланысты балдың сақталу мерзіміне ортақ стандарт жоқ. Бал ұзақ уақытқа дейін, тіпті, бірнеше жыл бойы бұзылмайтын, яғни, сыртқы факторларсыз химиялық өзгерістерге ұшырамайтын өнім. Десе де бал уақыт өте келе су мен қанттың бөлінуіне байланысты кристалдануы мүмкін. Бұл процесс балды төменгі температурада сақтағанда шапшаңырақ жүреді.

0 пікір
Мұрағат