Мұсылман елі жаңа астансын қайыр-садақаға тұрғызатын болды
Мұсылман елі жаңа астансын қайыр-садақаға тұрғызатын болды
2 жыл бұрын 1461 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Индонезия астанасын Жакартадан өзге жерге ауыстыру турады шешім 2019 жылы қабылданған болатын. Бұл жайында islam.kz порталы islamnews ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Мұны аталған ел президенті Жоко Уидодо Жакарта қаласы тұрғындарының саны шамадан тыс көбейіп кеткенімен, қауіпті экологиялық жағдаймен («30 жылда аса ірі мұсылман елінің астанасы су астында қалады» (https://islam.kz/kk/news/alem/30-jylda-asa-iri-musylman-elinin-astanasy-su-astynda-qalady-16037/#gsc.tab=0), инфрақұрылымына шектен тыс салмақ түсуімен түсіндірген болатын. Бұл мақсатта (астананы көшіруге) мемлекет есебінен 32 млрд доллар бөлінгенін де айта кетпекпіз. Алайда, құрылысы 32 млрд долларға бағаланған аталмыш жобаға атсалысатын жапондардың SoftBank қаржы мекемесі келісім бойынша 40 млрд доллар мөлшерінде инвестиция құюдан бас тартып отыр. Осыған байланысты Индонезияның жаңа астанасы тұрғызылмай қалуы ықтимал немесе кейінге шегерілуі мүмкін. Алайда, Инднезия билігі жобаның орта жолдан үзіліп қалуына мүдделі емес, дәлірегі, тұрғындар қарасының шектен тыс көбеюі, экологиялық ахуалының жылдан жылға нашарлауы елдің оңтүстік-шығысындағы аралда қолға алынуы тиіс бұл жобаны қайткен күнде де кешіктірмей жүзеге асыруды қажет етеді. Индонезияның инвестиция министрі Лухута Панжайтан бұл тығырықтан шығу үшін өзге тәсілді ұсынып отыр, дәлірегі, краудфандинг принципі бойынша қаржы жинауды көздейді. Түсінікті тілмен айтқанда, қайыр-садақадан жиналған қаржыға салуды көздеп отыр. Индонезияның жаңа астанасының іргесі көтерілетін Калимантан аралы тұрғындары бұл бастамаға, дәлірегі, ел орталығының қайыр-садақаға тұрғызылуына наразылық білдіріп отыр. Мәселен, тау-кен өнеркәсібі жұмысшыларын қорғайын ұйым жетекшісі Прадарма Рупанганың айтуынша, индонезиялықтар онсыз да салыққа, білім беруге және денсаулық саласына өз қалтасынан ақша төлеп отыр. Бұған қоса, жұқпалы індетке байланысты қалыптасқан ахуал бақылаудан шығып кеткен. Индонезия билігі краудфандинг принципінен бөлек Азия даму банкімен келіссөз жүргізіп көргенмен бұл әрекеті нәтижесіз аяқталған. Аталған ел билігі қайыр-садақа мен кәсіпкерлерге үміт артып отыр.

Ұқсас материалдар:

«Индонезияның жаңа астанасының атауы белгілі болды» (https://islam.kz/kk/news/alem/indoneziyanyn-jana-astanasynyn-atauy-belgili-boldy-16294/#gsc.tab=0);

«30 жылда аса ірі мұсылман елінің астанасы су астында қалады» (https://islam.kz/kk/news/alem/30-jylda-asa-iri-musylman-elinin-astanasy-su-astynda-qalady-16037/#gsc.tab=0) 

0 пікір
Мұрағат