Антибиотик адам ғұмырын қысқартады
Антибиотик адам ғұмырын қысқартады
3 жыл бұрын 3690 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Австралиялық ғалымдардың пайымдауынша, антибиотик қабылдаған адамның ғұмыры қысқарады. Бұл жайында islam.kz аталмыш зерттеу материалы жарияланған Cell Reports мерзімді басылымы мен linkinghub.elsevier.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ғалымдардың тұжырымынша, тәжірибедегі тышқан антибиотикті қабылдаған соң оның ішек микрофлорасының қалпына келуі өз кезегінде кеміргіштің ғұмырының қысқаруына себеп болған. Мамандар бұл тарапта антибиотиктің өмірінің ерте кезеңінде тышқандарға енгізілгеннен кейін тигізген ұзақ мерзімді эффектісін зерделеген екен, дәлірегі, жас кеміргішке енгізілген антибиотиктің ұзақ уақыттан кейін білінетін әсері зерттелген. Зертханадағы тышқандарға ампициллин және неомицинді жасы ұлғайғанша (102 аптаға дейін) беріп көрген. Антибиотик ішек микробиомының әр алуандылығын кеміткен, салдарынан тышқанның ішегін ғалымдар PAM I және PAM II деп белгілеген микробиоттың екі жиынының бірі жайлаған. Зерттеу барысында PAM II микробиотқа ие тышқанның инсулинге төзімділігі артқан – бұл оның зат алмасу процесінің бұзылып, түрлі тіндерде, соның ішінде бауыр мен мида қабыну процестерін тудырған. Бұдан бөлек, тұмауға қарсы екпе салғаннан кейін олардың бойынша антидененің пайда болу мөлшері де азайып кеткен. Мұндай тышқандар PAM I микробиотына ие тышқандарға қарағанда екі есе тез уақытта өлген. Аталмыш зетттеуге жетекшілік еткен Флиндерс университетінің профессоры Дэвид Линнің айтуынша, зерттеу нәтижесі организмге антибиотик енгізілгеннен кейін ішекті жайлайтын микробиомның сүтқоректілердің иммундық жүйесін салдары ұзаққа созылатын өзгерістерге ұшырату мүмкіндігіне ие екенін көрсетіп берді. Соның ішінде тіршілік иесінің ғұмырын қысқартады. 

Ұқсас материалдар: 

«Жаңа буын антибиотигінің тиімділігі неде?» (https://islam.kz/kk/news/gylym/jana-buyn-antibiotiginin-tiimdiligi-nede-15184/#gsc.tab=0);

«Антибиотик зиянды бактериялармен қатар пайдалы бактерияларды да жояды... Ғалымдар мұның да жолын тапқан секілді» (https://islam.kz/kk/news/gylym/antibiotik-ziyandy-bakteriyalarmen-qatar-paidaly-bakteriyalardy-da-joyady-galymdar-munyn-da-jolyn-tapqan-sekildi-13106/#gsc.tab=0);

«Бактерияны басқаша жолмен жоятын антибиотик табылды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/bakteriyany-basqasha-jolmen-joyatyn-antibiotik-tabyldy-13223/#gsc.tab=0);

«Ара уынан дәріге төзімді бактерияларды жоятын антибиотик жасаудың тәсілі табылды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/ara-uynan-darige-tozimdi-bakteriyalardy-joyatyn-antibiotik-jasaudyn-tasili-tabyldy-14275/#gsc.tab=0);

«Ғалымдар бактерияны антибиотик істеп шығаруға қалай "көндірді" (https://islam.kz/kk/news/gylym/galymdar-bakteriyany-antibiotik-istep-shygaruga-qalai-kondirdi-13774/#gsc.tab=0) 

0 пікір
Мұрағат