|
Аллергиясы бар адамдарды көктемде өсімдік гүлдегенде ақылы демалысқа шығару туралы ұсыныс айтылды
|
Өсімдік түрлеріне аллергиясы бар адамдарды денсаулығын күтуі үшін жоспардан тыс ақылы демалысқа шығару туралы ұсыныс айтылды. Бұл жайында islam.kz порталы ресейлік «Жаңалықтар» ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Дәлірегі, Ресей Федерациясының мемлекеттік думасының денсаулық сақтау жөніндегі комитетінің жетекшісі Сергей Леонов осындай бастама көтерді. Ресейлік депутаттың айтуынша, жұмысқа шықпай үйінде күтінген адамның аллергиядан зардап шегу қатері азаяды. Бұдан бөлек, аллегриясы бар адамдардың жұмысына алаңдамай, өсімдіктердің гүлдеу маусымы аяқталған немесе гүлдеу маусымы әлі басталмаған жаққа кетуіне мүмкіндік беріледі.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Жапонияда автокөлік енді автотұрағы бар адамдарға ғана сатылады
■
Мұсылман елі вейпке толық тыйым салмақ
■
Ұшатын көлікті енді қарапайым адамдар да сатып ала алады
■
Қазақстанда ислами инвестициялық АІ агенті пайда болады
■
Өсімдік ақуызы артық салмақпен күресуге көмектесіп қоймай, қартаю процесін тежейді