Бір ғана араб елі Құрбан айт үшін шетелден бір миллион бас қой сатып алмақ
Бір ғана араб елі Құрбан айт үшін шетелден бір миллион бас қой сатып алмақ
10 күн бұрын 1015 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Алжир президенті Әбдімәжит Теббун маусым айында келетін қасиетті Құрбан айт қарсаңында шетелден 1 млн бас қой сатып алатынын жариялады. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Associated Press агенттігіне жөн сілтеген yenisafak.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталған араб елінің билігі мұндай қадамға малдың бағасын тұрақтандыруға әрі құрбан шалуға қажетті малға деген сұранысты қанағаттандыру үшін барып отыр. Өйткені, Құрбан айтта мал басының тапшылығынан баға шарықтап кетуі мүмкін әрі осының кесірінен Құрбан айт  мерекесінің ойдағыдай өтуіне салқынын тигізуі мүмкін. Жаһандық жылынудың кесірінен табаны күректей жеті жылға созылған құрғақшылықтан ауыл шаруашылығы қатты зардап шекті. Жайылымның жойылуы мен жем-шөп бағасының көтерілуінен мал басып кеміген. Осы орайда таяуда тағы бір араб елінде – қатарынан жеті жыл жайлаған құрғақшылықтан мал басы көп кеміп кеткен Мароккода (қараңыз: Құрғақшылық жайлаған араб елінде мал басы күрт кеміп барады) монрах халқына үндеу жариялап, биылша құрбан шалмауға шақырғанын айта кетпекпіз. Халқының атынан өзі құрбан шалатынын да мәлімдеген еді.

 

0 пікір
Мұрағат