Мұсылмандар қырғынын теріске шығаратын контентке тыйым салынады
Мұсылмандар қырғынын теріске шығаратын контентке тыйым салынады
3 жыл бұрын 3681 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Google компаниясы Канададағы Геноцид проблемаларын зерттеу институтының талабына құлақ асып, 1995 жылғы Сребреництегі босниялық мұсылмандардың жаппай қырғынға ұшырағанын жоққа шығаратын немесе аталған геноцидті ақтайтын кез келген контентті жариялауға тыйым салады. Бұл жайында islam.kz порталы «Азат Еуропа» радиоторабына сілтеме жасай отырып мәлім етеді.  Осылайша интернет алыбы өз алаңында тарихты бұрмаламауға қатысты маңызды шешім қабылдады. Дәлірегі, аталмыш компания өкілі Сребринецтегі мұсылмандардың қырғынға ұшырағанын ақтап алатын немесе бұл геноцидті жоққа шығаратын кез келген ақпараттың Google-ге тиесілі сайттар мен қосымшаларды, соның ішінде Twitter мен Youtube әлеуметтік желілерінде бұғатталатынын мәлімдеді. Тарихқа сәл шегініс: 1995 жылы Югославия аумағын шарпыған азаматтық соғыс кезінде, дәлірегі, сол жылдың шілде айында тегі славян 8000-нан аса мұсылман діни алалаушылыққа ұшырап, сербтердің күштік құрылым тарапынан қырғынға ұшыраған болатын. 1995 жылы бұл қасіретті Халықаралық трибунал геноцид деп ресми таныған еді.  

0 пікір
Мұрағат