Адам бойынан у бөлетін тетік табылды
Адам бойынан у бөлетін тетік табылды
3 жыл бұрын 14148 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Жапония мен Австралия ғалымдары адам организімінен сілекей безімен байланысты әрі уды істеп шығаратын гендер жиынтығын тапты. Аталған гендер жиынтығы уды тікелей істеп шығармайды, алайда, соның негізін қалайды. Бұл жайында islam.kz порталы Science Alert ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ғалымдар бұл тараптағы зерттеу жұмыстарында удың өзіне емес, сілекей безін уға айналдыратын молекулярлы тетікті зерделеді. Ғалымдар гені жан-жақты зерттелген, Азияда тіршілік ететін тайвандық улы жыланның (суреттегі - ред.) генінен бастады зерттеу жұмыстарын. «Жыланның организіміндегі барлық геннің функциясын жақсы білетін болғандықтан удың қандай генмен байланысты екенін де білеміз»,- деп түсіндірді аталмыш зерттеуге атсалысқан Агниш Баруа есімді ғалым. Ғалымдар амниоттардың (Амниоттар – жоғары сатыдағы омыртқалы жануарлар тобы – Уикипедия) барлығына тән гендер жиынтығын тапқан еді. Олардың көбісі ақуыздардың бүктетілу процесіне қатысады. Агниш Баруаның айтуынша, мұны улы жануарлар көп мөлшерде істеп шығаратын улы заттардың ақуыздардан тұратындығымен түсіндіруге болады. Әрбір сүтқоректіде немесе рептилияда генетикалық каркас кездеседі, онда ауыз қуысының улы жүйесі болады. Адамдарда уды істеп шығаратын негізгі ақуыз – калликриен бар. Бұл фермент өзге ақуыздарды «қорытып», сілекеймен «бүркемеленеді». «Калликреиннің пайдалы мутациясы уды әлдеқайда өткір әрі өлім қатерін тудыратындай уытты етеді. Калликреиннің жануарлар әлемінде кеңінен тараған компонент болуы кездейсоқ емес, олай болатыны кез келген формада ол өте белсенді фермент»,- деп түсіндірді Брайан Фрай есімді биохимик. Десе адамдардың азық табу ерекшелігі уды керек етпейді. У әдетте қорғаныс құралы немесе жемтік аулау құралы. Организм қалай тіршілік ететініне байланысты барлығы.

0 пікір
Мұрағат