4D ультрадыбыстық зерттеу адамның құрсақтағы кезінен бастап дәм мен иісті ажырата алатынын көрсетті (фото)
4D ультрадыбыстық зерттеу адамның құрсақтағы кезінен бастап дәм мен иісті ажырата алатынын көрсетті (фото)
2 жыл бұрын 2291 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Дарем университетінің ғалымдары 4D ультрадыбыстық сканерлеуді қолдана отырып, адамның құрсақтағы шақалақ кезінен дәм мен иісті ажырата алатынын көрсетті. Бұл тараптағы зерттеуге жүктіліктің 32-36 аптасындағы жүз әйел қатысты. Бұл жайында islam.kz порталы Medical Xpress ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл бағыттағы тәжірибе жүргізілетін күні аяғы ауыр әйелдерге дәрігерге барар алдында хош иісті сусындарды ішуге тыйым салынды. Сканерлеуден 20 минут бұрын олар сәбіз немесе қырыққабат ұнтағының капсуласын қабылдады. Осыдан кейін дәрігерлер құрсақтағы шақалақтардың бет әлпетін таспаға тартып алған екен (суреті төменде – ред.). Ғалымдар жүктілік кезінде ананың диетасы балалардың дәмдік талғамына әсер етуі мүмкін деп санайды. Осыған байланысты аяғы ауыр әйелдің дұрыс тамақтануы баланың дұрыс тамақтану әдеттерін қалыптастырады.

Құрсақтағы шақалақтың қалыпты көрінісі және анасының сәбіз капсуласын жұтқаннан кейінгі риза кейпі 

Басқа құрсақтағы шақалақтың қалыпты кейпі және анас сәбіз капсуласын жұтқаннан кейінгі тыжырынған кейпі

0 пікір
Мұрағат