Африкалық бозбала күн сәулесімен жүретін пойыз құрастырды (видео)
Африкалық бозбала күн сәулесімен жүретін пойыз құрастырды (видео)
2 ай бұрын 752 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Көлік қатынасы мен оның қоршаған ортаға тигізер кері әсерін болдыртпас үшін Оңтүстік Африка республикасының бозбалалары елде алғаш рет күн батареясымен жүретін пойыз құрастырды. Бұл жайында islam.kz порталы France24 ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Африка құрлығындағы аталған ел жи қайталанатын кабел ұрлығына әрі көне, тозған көмір электр стансасының жиі істен шығуына байланысты электр жарығы жиі өшеді. Осындай келеңсіздікті ескерген бозбалалар тек күн сәулесінен алынған энергиямен жүретіндіктен қоршаған ортаға зияны жоқ пойыз құрастырған. Мұның бәрі теміржол жұмысына кері әсерін тигізді: жергілікті биліктің мәліметінше, теміржол көлігінің үлесі 2013 жылдан 2020 жылға дейін үштен екіге азайған. Бұл ретте қала маңындағы жолаушылар қымбатырақ тұрақты маршруттық таксилер қызметін пайдалануына тура келіп отыр. Университет қызметкерлері ел астанасы Преторияның солтүстігіндегі Сошангува қаласындағы жасөспірімдерді автономды пойыз құрастыруға шақырды. Ол қуат алу үшін шатырдағы фотоэлектрлік панельдерді пайдаланады. Пойыз сағатына 30 шақырым жылдамдықпен қозғала алады. Ал көліктің өзі жолаушылардың көңіл көтеруіне арналған орындықтар мен жалпақ экранды теледидармен жабдықталған. 20 жасөспірімнен тұратын топ пойыз конструкциясын құрастыруға екі жыл уақыт жұмсады. Жаңғыртпалы энергия көздерімен жүретін бұл пойыз қала маңына қатынауға қолайлы.

0 пікір
Мұрағат