Құмырсқалар патшайымының өз өмірін бес есе ұзартуға мүмкіндік беретін тетік белгілі болды
Құмырсқалар патшайымының өз өмірін бес есе ұзартуға мүмкіндік беретін тетік белгілі болды
2 жыл бұрын 1654 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Нью-Йорк университетінің ғалымдары Harpegnathos saltator құмырсқаларының өмір сүру ұзақтығын өзгертуге мүмкіндік беретін тетікті ашты. Бұл жайында islam.kz порталы techcult ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл түр (Harpegnathos saltator) патшайымның табиғи өлімінен кейін қалған құмырсқалар оның лауазымы үшін бәсекеге түсетіндігімен белгілі. Жеңімпаз – бастапқыда өзге жұмысшы құмырсқалармен қатар жұмыс істейтін құмырсқа​ патшайымға айнала отырып, мүлдем жаңа қасиеттерге ие болады. Яғни, биологиялық трансформациядан өтеді, былайша айтқанда, түрленеді. Ең қызығы, бұл трансформация процесі кері жүреді, дәлірегі, кейбір жағдайларда патшайым қайтадан жұмысшы құмырсқаға айналуы мүмкін. Бұл құбылысты зерттей отырып, ғалымдар патшайымдар мен қарапайым жұмысшылар арасындағы екі негізгі айырмашылықты анықтады. Біріншіден, патшайым жұмыртқа салу қабілетіне ие болады. Екіншіден, ол қарапайым құмырсқалардан бес есе ұзақ өмір сүре алады. Құмырсқа гендерінің экспрессиясын (ген экспрессиясы дегеніміз – бұл геннің тұқым қуалайтын ақпараты ( ДНҚ нуклеотидтер тізбегі) функционалды өнімге - РНҚ немесе ақуызға айналатын процесс) зерттей отырып, ғалымдар негізгі айырмашылықты - инсулин сигналдарының жұмысындағы өзгерісті анықтады. Олар жұмыртқа өндірісінің негізгі параметрі болып табылады; одан арғы зерттеулер «инсулинге қарсы» ретінде жұмыс істейтін Imp-L2 молекуласының ашылуына әкелді. Аталмыш ақуыз белсенді режимге көшкенде құмырсқа патшайымы денесінің әртүрлі бөліктерінде инсулин сигналдары бітеліп қалады. Оның метаболизмі баяулайды, нәтижесінде өмір сүру ұзақтығы артады. Ғалымдар құмырсқалардың әлеуметтік функцияға байланысты өз денесін қаншалықты оңай өзгертетініне таң қалды. Сондай-ақ, олар инсулин тетігінің басқа тірі организмдерде, соның ішінде сүтқоректілерде де болуы мүмкін екеніне сенімді, алайда, бұл әлі дәлелденбеген теория, яғни,  гипотеза деңгейіндегі теория.

0 пікір
Мұрағат