Ұзақ ғұмыр сүретіндерге тән ортақ көрсеткіштер анықталды
Ұзақ  ғұмыр сүретіндерге тән ортақ көрсеткіштер анықталды
2 жыл бұрын 1051 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Массачусет технологиялық университетінің және Гарвард жоғарғы оқу орнының ғалымдарының анықтағандай, ұзақ ғұмыр сүретіндердің ішегінде вирустардан қорғайтын микробиот болады. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш зерттеу материалы жарияланған Nature Microbiology мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл бағыттағы бұрынғы зерттеулерде ішек бактерияларының инфекциялардың алдын алуға көмектесетін ерекше өт қышқылдарын өндіретін қабілетке ие екенін анықталған еді. Сонымен қатар, ғалымдар бактериофагтардың (бактерияларды бұзатын вирустар) тышқандардың когнитивті дағдылары мен есте сақтау қабілетіне әсер ететін  қабілетке ие болатынын да білген. Алайда, кейбір үлгілерден вирустық ДНҚ алу қиын болғандықтан, олардың адамның қартаюындағы рөлін сол кезде анықтау мүмкін болмады. Таяудағы бұл тарапта арнайы жүргізілген зерттеуге 18, 60 және 100 жастан асқан 195 адам қатысты. Ғалымдар нәжіс үлгілерінен ДНҚ алу үшін терең оқыту алгоритмдерін қолданды және олардың вирустық геномдарын салыстырды. Анықталғандай, жүз жылдан аса өмір сүретіндер өзгелерге қарағанда түрлі микробиотқа ие болып қана қоймайды, сонымен қатар, қоздырғыштарды жоятын литикалық өмірлік циклінде вирустардың мол мөлшеріне ие. Сонымен қатар, анықталған вирустардың кем дегенде 25%-ы сульфат алмасуындағы негізгі қадамдарды қолдайтын гендерді кодтайды. Сарапшылардың пікірінше, бұл шырышты тосқауылдың тұтастығын сақтауға көмектеседі, осылайша ішекте қоректік заттардың сіңуіне ықпал етеді және зиянды бактерияларды сыртқа шығарады. Ал Medical Xpress мерзімді басылымында жарық көрген Арам Шобаниан және Едуард Абедисиан атындағы Бостон университетінің медицина мектебінің ғалымдарының тұжырымынша, ғасыр жасайтын адамдар өзгеше иммундық жасуша түріне ие. Бұл тараптағы тәжірибе барысында білікті мамандардан жасақталған топ жекелеген перифериялық қанның мононуклеарлы жасушаларын (ПБМК) секвенирлеп көрді. Биоматериал 100 жастан асқан жеті қарт адамнан алынды. Талдау нәтижесінде алдыңғы ғылыми жұмыстарда жасалған бақылауларды растады – ғасыр жасайтын адамдарда бірегей иммундық жасушалар табылған. Әдетте адамдар инфекциялық ауруларға шалдығып айыққанда олардың иммундық жүйесі өзелерге қарағанда бейімделе алады. Алайда, жасы ұлғайған сайын иммундық жүйесі төмендеп, бұл қабілетінін айырылады. Ал ғұмырлы адамдарда инфекцияларға тойтарыс беретін өзгеше иммундық жүйе болады.

Ұқсас материалдар:

"Адамзаттың ұзақ ғұмыр сүру дәуірі жақын қалды" (https://islam.kz/kk/news/arturli/adamzattyn-uzaq-gumyr-suru-dauiri-jaqyn-qaldy-18383/#gsc.tab=0);

"Адамның табиғи өмір сүру ұзақтығы белгілі болды" https://islam.kz/kk/news/gylym/adamnyn-tabigi-omir-suru-uzaqtygy-belgili-boldy-12866/#gsc.tab=0);

"Болашақта адамдардың өмір сүру ұзақтығы 20 жылға қысқарады" (https://islam.kz/kk/news/alem/bolashaqta-adamdardyn-omir-suru-uzaqtygy-20-jylga-qysqarady-742/#gsc.tab=0);

"Адамның орташа өмір сүру ұзақтығы қанша?" (https://islam.kz/kk/news/arturli/adamnyn-ortasha-omir-suru-uzaqtygy-qansha-8475/#gsc.tab=0);

"Адамның ғұмыр жасы оның өмір сүретін жер климатының ерекшелігіне де байланысты" (https://islam.kz/kk/news/gylym/adamnyn-gumyr-jasy-onyn-omir-suretin-jer-klimatynyn-ereksheligine-de-bailanysty-15905/#gsc.tab=0);

«Өмір сүру ұзақтығы кәріліктің тежелуімен емес, балалар өлім-жітіміне байланысты болып шықты» (https://islam.kz/kk/news/gylym/omir-suru-uzaqtygy-kariliktin-tejeluimen-emes-balalar-olim-jitimine-bailanysty-bolyp-shyqty-15429/#gsc.tab=0);

«Ғұмырды ұзартудың (хромосомның ұшын стимуляциялау) тағы бір тәсілі табылды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/gumyrdy-uzartudyn-hromosomnyn-ushyn-stimulyatsiyalau-tagy-bir-tasili-tabyldy-14782/#gsc.tab=0);

«Соңғы 20 жылда адамның ғұмыры 6 жылға ұзарған» (https://islam.kz/kk/news/alem/songy-20-jylda-adamnyn-gumyry-6-jylga-uzargan-14516/#gsc.tab=0);

"Ғұмырды ұзартуға септігін тигізетін өзгеше фактор табылды" (https://islam.kz/kk/news/gylym/gumyrdy-uzartuga-septigin-tigizetin-ozgeshe-faktor-tabyldy-12824/#gsc.tab=0);

«Адамның табиғи өмір сүру ұзақтығы белгілі болды" (https://islam.kz/kk/news/gylym/adamnyn-tabigi-omir-suru-uzaqtygy-belgili-boldy-12866/#gsc.tab=0);

«Әйелдердің ерлерге қарағанда ұзағырақ өмір сүруінің сыры белгілі болды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/aielderdin-erlerge-qaraganda-uzagyraq-omir-suruinin-syry-belgili-boldy-15325/#gsc.tab=0);

«Әйелдердің ерлерден ұзақ ғұмыр сүруінің сыры басқада болып шықты» (https://islam.kz/kk/news/gylym/aielderdin-erlerden-uzaq-gumyr-suruinin-syry-basqada-bolyp-shyqty-13296/#gsc.tab=0);

«Әйелдерге қарағанда ерлер неге аз өмір сүреді - ДДҰ зерттеуі» (https://islam.kz/kk/news/alem/aielderge-qaraganda-erler-nege-az-omir-suredi-ddu-zertteui-11685/#gsc.tab=0);

«Ұзақ өмір сүретін адамның бес белгісі аталды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/uzaq-omir-suretin-adamnyn-bes-belgisi-ataldy-13963/#gsc.tab=0

0 пікір
Мұрағат