|
160 жылдық тарихы бар көне шіркеуге жай түсіп, түгі қалмай жанып кетті (видео)
|
АҚШ-тың Массачусет штаты аумағындағы бір жарым ғасырдан аса уақыт тұрған шіркеуге жай түсіп, түгі қалмай жанып кетті. Бұл жайында islam.kz порталы nbcboston.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ғибадат ғимаратынан шыққан өрттен зардап шеккендер жоқ. Өртті сөндіруге 100-ге тарта өрт сөндіруші жұмылдырылды. Ағаштан және өзге де аралас құрылыс материалдарынан соғылған шіркеу 1863 жылы күрделі жөндеуден өтіп, көп өзгерген болатын. Алғашқы нұсқасы 1743 жылы тұрғызылған.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Еуропа елі діни виза алғысы келетін имамдар мен пасторларға, раввиндерге 7 шартты қамтитын ереже қабылдады
■
Үш жылдан соң жаһандық ислам қаржы индустриясының активтері 10 трлн доллардан асады
■
Қасиетті қалада индонезиялықтардың өз ауылы болады
■
Химиктер айна өмірді табудың алғашқы әдісін ұсынды
■
Әлемде алғашқы электр қуатынсыз және адам көмегінсіз жұмыс істейтін ДНҚ-компьютер пайда болды