|
Цифрлы төлем жүйесі туралы аз-кем дерек
|
Жекменшік цифрлы төлем жүйесінің көбеюі өз кезегінде мемлекет пен қаржы технологиясы арасындағы тепе-теңдікті өзгертуі мүмкін. Бұл жайында islam.kz порталы International Journal of Political Economy мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Отаго университетінің (Жаңа Зеландия) Мұрат Оңғар және Жек Бухан есімді ғалымдардың бұл тарапта арнайы жүргізген зерттеу нәтижесіне сәйкес блокчейн-валюта мен жекеменшік цифрлы төлем жүйесі мемлекеттің ақшаға орнатқан бақылауына ықпал ететін болып шықты. Бұл арада валюталық егемендік турасында сөз болып отыр, дәлірегі, орталық банктің инфляция (қымбатшылық) пен тұрақтылықты басқару әрі қаржы дағдарысына жауап беру қабілетіне тигізетін әсері турасында сөз болып отыр. Жаңа цифрлы ортада мемлекет ақшасына балама нұсқалар - әлемдік валютаға байланған және жекеменшік компаниялар шығаратын криптовалюта мен стейблкоиндер пайда болып жатыр. Сарапшы Мұрат Оңғар: “Ақша дегеніміз, билік. Мәселенің мәнісі сонда - мұндай билік өз халқына әрбір әрекеті үшін есеп беретін демократиялық үкіметке тиесілі бола ма әлде өздерінің стратегиялық мүддесін алдымен алға қоятын өз акционерлеріне немесе шетелдік үкіметке бағынышты технологиялық компанияларға тиесілі бола ма, көп нәрсе осы факторға байланысты”, деп мәлімдеді. Бұл бағытта жекменшік компаниялар шетелдік үкіметтер ұлттық валютамен бәсекелесетін өз цифрлы валюталарын ұсынып жатыр. Мемлекет те ақша нарығындағы үлесінен қағылмауы немесе есесін жіберіп алмауы үшін, яғни, қамсыз қалмауы үшін Орталық банк арқылы цифрлы валюталарын енгізіп жатыр. Ақша коммерциялық банктің клиентіне төленетін сомасынан тұратын әдеттегі банк шотына қарағанда Орталық банктің цифрлы валютасы мемлекеттің коммерциялық қаржы делдалдарынсыз орталық банк арқылы тікелей міндеттемесіне айналған. Орталық банктердің цифрлы валюталары ақшаңыздың шетке кетпеуі үшін, яғни, әмияныңыздағы ақшаның өзге елдің экономикасына жұмыс істемеуі үшін қолға алынып, қолданысқа енгізіліп жатыр.