Саудияның туристік экономикасы өткен жылы бас айналдырар белесті бағындырды
Саудияның туристік экономикасы өткен жылы бас айналдырар белесті бағындырды
34 минут бұрын 25 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Сауд Арабиясының туризм секторы өткен жылы (2025) мемлекет қазынасына 178 млрд доллар кіріс кіргізген. Бұл жайында islam.kz порталы Аrabian Вusiness ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталған араб елінің мұндай жетістістікке қажылық инфрақұрылымын дамыту, цифрлы технология және туристік салаға инвестиция мөлшерін арттыру арқылы ол жеткізген. Осылайша тақ мұрагерінің тікелей пәрменімен жүргізіліп жатқан кеу ауқымды экономикалық және әлеуметтік реформалар нақты жемісін бере бастаған. Saudi Arabia өткен жылы туристік салада жұмыс істейтіндер қарасының алғаш рет 1 млн адамнан асқанын хабарлады. Соның ішінде бұл тарап бойынша қонақ үй бизнесінің үлесі жоғары. Сарапшылар мұнай шикізатына тәуелді экономиканы әртараптандыру бағытындағы ең елеулі жетістістік ретінде бағалап отыр Саудияның бұл қадамын.

0 пікір
Мұрағат