Иран халықаралық сауда жолына қожайындық мәртебесін бекіте түсетін тағы бір қадамға бармақ
Иран халықаралық сауда жолына қожайындық мәртебесін бекіте түсетін тағы бір қадамға бармақ
39 минут бұрын 35 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Америка құрама штаттарының қысымы мен шектеулеріне қарамастан Иран билігі стартегиялық маңызы зор халықаралық сауда-саттық дәліздерінің бірінен саналатын Үрміз бұғазына иелік ету құқығын одан ары нығайтатын болды. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Fars News агенттігіне жөн сілтеген Сursorinfo.co.il ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. АҚШ билігі Ираннан Үрміз бұғазын бұғаттау әрекетінен бас тартуды қатаң талап еткеніне қарамастан экономикалық санкция мен саяси қыспақта қалған Парсы елі өз мүддесін қорғаудың ықпал ету тетігі ретінде қарастырған осынау сауда жолын иемденудің тағы бір жобасын қолға алып жатыр. Иранның экономика министрілігі таяуда ұсынған жоба бойынша енді бұғаздан өтетін кемелерден міндетті теңіз сақтандыруының арнайы жүйесін енгізбек. Мұндай қадам өз кезегінде кемелерден тікелей кеден салығын алуға тыйым салатын халықаралық ережені айналып өтуге, яғни, саяси әрі құқықтық дау-дамайдан құтылуға мүмкіндік бермек. Бұған қоса, мұндай шара Иранға екі маңызды міндетті орындауға көмектеседі:

  • Жаппай қадағалауға мүмкіндік беретін барлау шарасы: Сақтандыру процедурасы арқылы кемелер Теһранға өзiнiң бағыты, шыққан елi және жүктiң сипаты туралы толық ақпарат беруге мiндеттi болады. Бұл ирандық арнаулы қызметтерге кеме қатынасын толық бақылауды қамтамасыз етеді.
  • • Үстеме пайда: Кәдімгі айлақ және теңіз қызметтерінен түсетін пайда жылына 2 миллиард доллардан аспайды. Ал, сақтандырудың жаңа жүйесi, әсiресе, Таяу Шығыс аймағындағы әскери қақтығыс кезiнде зардап шеккен кемелердi тексеру, ұстау немесе тәркiлеу қатерін ескерсек, жыл сайын 10 миллиардтан астам доллар кіріс кіргізуі ықтимал.

Ұқсас материалдар:

Таяу Шығыстағы соғыс жаһандық нарықты тығырыққа тіремейді

Иранның аса ірі, жаңа кіріс көзі пайда болды

Иран стратегиялық бұғазды экономикалық кіріс көзіне айналдыруды заңдастырады

Иран «Үрміз пактісі» құжатын әзірлеуге кірісті

0 пікір
Мұрағат