Қ. Тоқаев зерделі ұлт қалыптастыру туралы Жарлыққа қол қойды
Қ. Тоқаев зерделі ұлт қалыптастыру туралы Жарлыққа қол қойды
1 сағат бұрын 25 24.kz

Мемлекет басшысы Кітап оқу мәдениетін дамыту және зерделі ұлт қалыптастыру жөніндегі шаралар туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлады  24.kz 

Құжат адами капиталды дамыту, қоғамның зияткерлік және мәдени әлеуетін нығайту, білім беру, тәрбиелеу және оқу-ағарту ісінің негізгі элементі ретінде кітап оқу мәдениетін насихаттау мақсатында қабылданды.

Қаулыда оқырмандарға арналған заманауи инфрақұрылымды дамыту: цифрлық құралдарды қолдана отырып, жаңа форматтағы кітапханалар, қоғамдық кеңістіктер құру; баспагерлердің мемлекет үшін пайдалы қызметтерін ынталандыру; ұлттық әдеби мұраны ел ішінде және шетелде насихаттау жайында нақты шаралар бекітілген.

Отандық жазушылар мен ақындарды қолдау жайы да ерекше назарға алынады.

Аталған мәселелермен қатар ел Үкіметіне биыл 1 қыркүйекке дейін «Жылдың 10 оқырманы» республикалық жобасын іске асыру тапсырылды.

Жыл соңына дейін «Зерделі ұлт» тұжырымдамасын бекіту, 2027 жылғы 1 қаңтарға дейін «Кітапхана және кітап шығару ісі туралы» жаңа Заңның жобасын әзірлеу тапсырылды.

Президент Жарлығы аясында елімізде кітап оқу мәдениетін дамытудағы жетістіктері үшін Ұлттық сыйлық тағайындалып, бірыңғай қолжетімді Ұлттық цифрлық кітапхана платформасы құрылады.

Президент Жарлығы кітапхана саласын дамытуға серпін береді

Құжат кітап оқу мәдениетін ілгерілетіп, зерделі ұлт қалыптастыру жолында нақты нәтижелі істерге бастамашы болады, деп хабарлады 24.kz

Ұлттық кітапхана директоры Ғазиза Құдайбергенқызы Президент қол қойған жарлық туралы осындай пікір білдірді. 

Ғазиза Құдайбергенқызы, ҚР Ұлттық кітапханасының директоры: - Бүгін біздің саланың кітапхана саласының және кітап ісінің шамы жанды, жарқырай түсті десе де болады. Бұған дейін де Мемлекет басшысы келелі жиындарда айтып жүрді. Бірақ бүгінгі жарлық нақты нәтижелі істерге бастайтын төлқұжат дегім келеді. Аса бір қуантқан дүние «Кітап және кітапхана жүйесі туралы» заң шығуы туралы Жарлықтағы, одан кейін ұлттық цифрлық бірыңғай жүйе қалыптастыру. Біз осы жобамен бірнеше жыл жұмыс істеп жатырмыз. Қазақстандағы кітапханалардың электронды базасын жасау. Одан кейін әдебиетті насихаттау, шетелде біздің әдебиетті насихаттау жалпы осы салаға үлкен бір серпін береді деген сенімдемін.

 

0 пікір
Мұрағат