|
Ерте өлу қатерін 12 пайызға арттыратын фактор аталды
|
Александр Казаченко есімді Санкт-Петербордағы «СМ-Клиники» медицина мекемесінің ұйқы маманы ерте өлім қатері жоғары факторлардың біріне шала ұйқыны жатқызды. Бұл жайында islam.kz порталы Лента.ру ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ұзақ уақыт бойы ұйқысы қанып тынықпаған адамның инфекциялық дертке, жүрек-қан тамыр ауруларына шалдығу, артық салмақ қосу қаупін арттырып, шаршау, ұмытшақтық, бей-жай, сүлесоқ жүруі денсаулыққа зиянын тигізетін салдарынан зардап шегеді. Соның ішінде иммунитет жүйесі әлсірейді, күйзеліске ұшырайды. Десе де ресейлік сарапшының айтуынша, тәулігіне жеті сағаттан аз ұйықтайтындардың кез келген себептен ықтимал қайтыс болу қатері орташа есеппен 12 пайызға артатынын алға тартып отыр.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Мысыр Nvidia технологияларын қолдана отырып, құны 1 миллиард доллар болатын дата-орталықтың AI орталығын салады
■
Маймыл тапшылығы тұтас индустрияның дағдарысына бастайды
■
Макао мұсылман саяхатшыларын тарту үшін халал индустриясын дамытады
■
Бейнебақылау камерасының адам психикасына бейсаналы әсерінің салдары анықталды
■
Жамбыл облысында шаруалар жүгері қалдығын тыңайтқышқа айналдырды