Османлы мұрасы: Жидда - Стамбұл теміржол қатынасы тарихтан келешекке жетелейтін жоба
Османлы мұрасы: Жидда - Стамбұл теміржол қатынасы тарихтан келешекке жетелейтін жоба
1 сағат бұрын 39 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Саудия мен Түркия исі мұсылман үшін қасиетті қос мекенді (Мекке мен Мәдина) басып өтетін, Стамбұл мегаполисі мен Жидда қаласын жалғайтын аса ауқымды дәліз жобасын жүзеге асырып жатыр. Бұл жайында islam.kz порталы Islam.plus ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бірегей жоба ең бастысы бір ғасырдан астам бұрын Османлы орталығын Араб түбегімен байланыстыратын тарих Хижаз теміржолын қалпына келтіреді. Саудияның көлік министрі Салық әл Жасыр мәлімдегендей, осынау стратегиялық маңызы зор әрі аймақтық интеграцияға серпін беретін жоба құрлықтағы байланыстың, барыс-келістің, алыс-берістің тұрақты жүйесіне айналмақ. Осы жылдың соңына дейін техникалық және экономикалық негіздемесі мен сипаттамасы әзір болатын жоба тек Мәдина мен Мекке арасында қатынайтын қажыларға ғана көмектесіп қоймай, сонымен қатар, Парсы шығанағы мен Еуропаны Иордания мен Сирия арқылы байланыстыратын аса қуатты сауда-саттық дәлізіне айналады. Бүгінгі таңда Сауд Арабиясы өзінің шығыс айлақтарын елдің солтүстігіндегі әл Хадит шекара бекетімен байланыстырып, желіні кеңейтуге жол ашты. Түркия, өз кезегінде, Иордания және Сириямен бірлесіп, осы бағытты халықаралық тауар айналымы үшін «Солтүстік-Оңтүстік» негізгі осі ретінде қарастыра отырып, жолдың солтүстік бөлігін жаңғырту бойынша жұмыс істеуде. Жоба терең символдық мәнге ие, себебі, ол 1900 жылдың наурыз айында сұлтан Әбдіхамит II бастаған аты аңызға айналған темір жол арқылы өткен қарым-қаатынасты қайталайды немесе қалпына келтіреді. Сол дәуірде магистрал ислам әлемі ішіндегі байланыстарды нығайтуға және қажылардың қасиетті сапарын жеңілдетуге арналған болатын. Алғашқы жоба толығымен аяқталған жоқ: Бірінші дүниежүзілік соғысқа байланысты рельстер Мединаға дейін жетіп, Меккеге дейін 400 шақырым төселмей қалған болатын. Қазіргі заманғы технологиялар мен саяси ынтымақтастық осы тарихи бастаманы аяқтауға мүмкіндік береді.

Хиджазкая железная дорога

 

0 пікір
Мұрағат