|
Үйінде жалғыз жатып өлетіндер қарасы жылдан жылға көбейіп келеді
|
Өткен жылы Жапония полициясы 204 562 адамның жансыз денесін тапқан, оның 76 941-ы үйінде жалғыз жатып қайтыс болғандардың мәйіті. Бұл жайында islam.kz порталы Nippon.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Күншығыс елінде өз үйінде жанында ешкімі болмай жалғыз жатып қайтыс болғандарды кодокусидеп атайды. Жапония министрлер кабинетінің келтірген есебіне қарағанда, елдегі өлім-жітімнің 30%-ға жуығы, дәлірегі, 22 222 адам “оқшау өліммен” (корицуси) көз жұмған - өлгені сегіз күн өткеннен кейін белгілі болған мәйітке қарата осындай термин қолданылады. Алайда, «оқшаулаудағы өлімнің» жалпыға ортақ бірыңғай анықтамасы жоқ және жапон үкіметі үлгілік бағдар ретінде адам тірі кезінде әлеуметтік оқшауланған жағдайды пайдаланады, яғни, жалғыз жатып қайтыс болғанын көп ұзатпай анықтай алады. Өлім-жітімнің шамамен 9% (7148 адам) қайтыс болған сәттен бастап анықталғанға дейін бір айдан астам уақыт өткен. Жалғыз жатып қайтыс болғандардың ең көп саны 85 және одан жоғары жастағы адамдарға - 15 079 адамға тиесілі. Одан кейін 75-79 жастағы адамдар - 13 412 адам және 80-84 жастағы адамдар - 11 366 адам. 65 және одан жоғары жастағы адамдарға жалпы санынан шамамен 80% келеді - 58 919 адам. Жалғыз өлгендердің арасында және мәйіт табылғанға дейін сегіз күннен астам уақыт өткен 4329 адамның жас шаамалары 75-79 аралығында, ал 4047 - 70-74 жаста және ең үлкен тобы - 70-74 жастағылар. Олардың 17 620-ы ер адам және 4598-і әйел адам, яғни, ерлер қарасы 3,8 есе көп болды. Шаңырақ көтеретіндер санының төмендеуіне және халықтың қартаюына байланысты бір адамнан тұратын үй шаруашылықтарының саны артуда және егде жастағы ерлердің қоғамнан сырт айналып, оқшаулануы әлеуметтік сипат алған.