Цифрлы ДНҚ қайтыс болған адамның тұлғалық болмысын сақтауға көмектеседі (видео)
Цифрлы ДНҚ қайтыс болған адамның тұлғалық болмысын сақтауға көмектеседі (видео)
1 сағат бұрын 59 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

«Veterans First for America» ұйымы адамның жеке басының ерекшеліктері туралы ақпарат жинауға арналған костюмдердің прототипін жұртшылық наазарына ұсынды. Бұл жайында islam.kz порталы Globenewswire ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. “Цифрлы ДНҚ» осындай костюмді киген адамның жеке басының қасиеттерін мен мінез-құлқын сипаттайтын деректерді жинауға арналған. Кейін бұл мәліметтерді адам өмірден озғаннан кейін оның рөлін жалғастыру үшін аватарға орналастыруға болады. Костюмде 40-қа жуық тактилді датчиктер бар - олар адам қозғалысының жекелеген, өзіне тән ерекшеліктерін қадағалау үшін пайдаланылады. Сондай-ақ, оның сыртқы тітіркендіргіштерге реакциясы, кәсіби міндеттерді орындау сипаты, физиологиялық параметрлері және т.б. қамтылады. Бұл мәліметтерді ардагердің дауысы мен ми белсенділігінің жазбаларымен біріктіріп, толыққанды оқу курсын алу үшін оларға түсініктеме беруге болады. Мұндай костюмдер мен аватарларды жасау идеясы азаматтық қоғамнан орын табуда қиындық көрген ардагерлер үшін 300 «шағын қала» салу жөніндегі үлкен QAIAx жобасының бір бөлігі ретінде алға шығады. Мұндай қалашықтарда жұмыстың 90% -ын автоматты жүйелер, ал 10% -ын стандарттан, яғни, қалыптан тыс жағдайларды шешуге жауапты адамдар орындайды. Бұл қалашықтардың жалпы халқы 1 млн адамнан аспайды, есесіне. жобаның ұзақтығы 500 жылға шақталған.

 

0 пікір
Мұрағат