|
Азия елінде келешекте өмірді қамтамасыз етуден бас тартуға арналған құқықтық негіз күшіне енді
|
Науқас келісімге қол қоюы үшін заңмен белгіленген талаптар үддесінен шығуы тиіс. Бұл жайында islam.kz порталы Asian Banking & Finance ақпарат көзіне сілтеме жасай тырып мәлім етеді. Қытай қоғамы ауруынан айығу мүмкіндігіі жоқ, яғни, беті бері қарамайтын науқастардың күтіміне кететін шығынды азайтуға бағытталған жаңа қадамға барып отыр. Үкімет Гонконгтың тіршілікті қамтамасыз ететін емдеу жөніндегі алдын ала шешімін жариялады. Қаулы алдын ала медициналық директивалар (AMD) мен жүрек-өкпе реанимациясына (DNACPR) тыйым салу туралы бұйрықтар үшін құқықтық база қалыптастырады, сондай-ақ, медицина қызметкерлері мен құтқарушыларды оларды орындау кезінде жауапкершіліктен қорғайды. AMD психикалық қабілетті ересек адамға, егер ол ақыл-ой қабілетін жоғалтса және алдын ала белгіленген жағдайлар орындалса, қандай өмірлік маңызды емдеу әдістерінен бас тартуды алдын ала анықтауға мүмкіндік береді. Алайда, оны базалық немесе паллиативтік көмектен бас тарту үшін пайдалануға болмайды. Пациенттер қол қойылғанға дейін заңда белгіленген талаптарға сәйкес келуі тиіс және оны кез келген уақытта алып тастай алады. Тіркелген дәрігер белгілі бір талаптарға сәйкес келетін пациенттерге DNACPR бұйрығын береді, құтқарушыларға, тіпті, ауруханадан тыс жерде және медицина қызметкерлерінсіз СЛР жүргізбеуді ұсынады. Медицина қызметкерлері мен құтқарушылар пациенттің AMD немесе DNACPR бойынша бұйрығын ол туралы хабарлағаннан кейін және оның шарттарын сақтағаннан кейін сақтауға міндетті. «Күмәндансаңыз, алдымен өміріңізді құтқарыңыз» қағидатына сәйкес, егер олар шынайы бұйрық туралы білмегендіктен емдеу жүргізсе немесе шынайы бұйрықтың бар екендігіне ақылға қонымды сенім негізінде емделуден бас тартса, заңдық тұрғыдан қорғалады.