Толқыннан энергия өндіретін өзгеше құрылғы жасалды (видео)
Толқыннан энергия өндіретін өзгеше құрылғы жасалды (видео)
2 жыл бұрын 1313 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Кипр стартапы сырт қарағанда омыртқаға ұқсас қалқымалы құрылғы ойлап тапты. Инженерлердің берген уәдесіне сенсек, бұл құрылғы толқыннан энергия өндіріп, электрге айналдырады. Бұл жайында islam.kz порталы interestingengineering.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Кипрлік Sea Wave Energy Limited (SWEL) компаниясы толқын энергиясын аулау технологиясымен он жылдан астам уақыт бойы айналысып келеді. Аталған компания бір-бірімен қосылған бірнеше қалқымалы платформалардан тұратын Waveline Magnet платформасының прототипін жұртшылық назарына ұсынды. Модулдік және икемді жүйе энергия генераторының толқын қозғалысын біркелкі қадағалайтындай етіп жасалған. Компания өкілдерінің айтуынша, бұл құрылғы толқыннан қанша энергия өндіріп алуды бақылауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, құрылғы кәдімгі және арматураланған пластмассадан жасалуы мүмкін, бұл өз кезегінде мамандандырылған өндірістік желілерді қажет етпейді, сондай-ақ, оларды өндірудің өзіндік құнын төмендетеді. Құрылғыны тез құруға және орналастыруға ғана емес, сонымен қатар, оны жөндеуге және техникалық қызмет көрсетуге кететін шығындарды азайтуға болады. Компанияның мәлімдеуінше, бір толқынды энергия түрлендіргіші 100 МВт-қа дейін электр энергиясын өндіре алады және өндірістің төмен құны оны қазба отындарымен теңестіреді. Прототип Кипрдегі Ларнака шығанағында бақыланатын жағдайларда сынақтан сәтті өткен. Компания өкілдері құрылғының шыбық тәрізді ұтқырлығы, дәлірегі, қозғалмалылығы оның толқындармен бірге қозғалуына мүмкіндік береді, яғни, толқындарға қарсы тұрмайды, осылайша платформаның қызмет ету мерзімін ұзартады.

Ұқсас материалдар:

«Теңіз толқындарынан энергия өндіретін құрылғының тиімділігі жоғары болып шықты» (https://islam.kz/kk/news/arturli/teniz-tolqyndarynan-energiya-ondiretin-qurylgynyn-tiimdiligi-jogary-bolyp-shyqty-video-17256/#gsc.tab=0);

«Теңіз платформасы бір мезгілде үш жаңғыртпалы энергия көзінен энергия өндіреді» (https://islam.kz/kk/news/arturli/teniz-platformasy-bir-mezgilde-ush-jangyrtpaly-energiya-kozinen-energiya-ondiredi-fotovideo-13648/#gsc.tab=0);

«Әлемдегі теңдесі жоқ қондырғы іске қосылды» https://islam.kz/kk/news/arturli/alemdegi-tendesi-joq-qondyrgy-iske-qosyldy-15550/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат