Теңіз толқындарынан энергия өндіретін құрылғының тиімділігі жоғары болып шықты (видео)
Теңіз толқындарынан энергия өндіретін құрылғының тиімділігі жоғары болып шықты (видео)
2 жыл бұрын 2289 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Австралияның Wave Swell Energy компаниясының инженерлері UniWave 200 теңіз платформасын жасады. Теңіз толқындары арнайы камерада қысым тудырып, электр энергиясын өндіретінн турбинді іске қосады. Бұл жайында islam.kz порталы waveswell.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Шын мәнінде, UniWave 200 - бұл жағалау аймағының кез келген нүктесіне жеткізілетін және жергілікті электр желісіне біріктірілген сүйретілетін қалқымалы электр стансасы. Ол келе жатқан толқындарды арнайы бетон камерасына «жеткізетін» етіп жасалған, нәтижесінде қысым көтеріліп, ауаны сору клапаны арқылы итереді. Толқын «артқа оралғанда», яғни, кері серпілгенде су камерада вакуум тудырып кетеді, соның салдарынан UniWave 200 жоғарғы жағында орналасқан турбина арқылы ауа сорады  - турбина қалақтары айнала бастайды, ал өндірілген энергия төселген кабел арқылы желіге беріледі. WSE технологиясының басты ерекшелігі - бір жақты генерация. Ұқсас «толқынды» құрылғылар бұрынырақ күрделі қос бағытты турбиналарды пайдаланған, мұнда қалақтардың қадамын реттеу және ауа ағынын қайта бағыттау қажет. UniWave 200 сияқты турбиналар қарапайым және арзанға түседі. UniWave 200 конструктивтік ерекшелігі оны жағалаудағы қорғаныс құрылымдарына – толқын сулары мен бөгеттерге оңай біріктіруге мүмкіндік береді, бұл бір мезгілде жағалауды сақтауға және экологиялық таза жаңартылатын энергияны алуға мүмкіндік береді.

UniWave 200

0 пікір
Мұрағат