82 мың жас буынның арнаулы оқу орындарында тегін білім алуға мүмкіндігі бар
82 мың жас буынның арнаулы оқу орындарында тегін білім алуға мүмкіндігі бар
8 жыл бұрын 3041 khabar.kz

Орта арнаулы оқу орындары яғни колледждерге бөлінген гранттар саны да нақтыланды. Атап айтсақ, 82 мың жас буынның мемлекеттік тапсырыспен білім алуына мүмкіндігі бар. Жалпы биылдан бастап барлық ниетті азамат бірінші жұмысшы мамандығын тегін игеруіне болады.  Ердәулет Байдуллаев, тілші: - Алдымен еліміздегі колледждер санына тоқталсам. Мемлекеттік орта арнаулы оқу орындары – 462, жекеменшіктегілер қатары – 345. Оларға жыл сайын 170 мың шамасында талапкер оқуға қабылданады. Мамандықтары бойынша айтсақ, 60 пайызы – техника, технология және ауыл шаруашылық саласы. Қалғаны білім беру мен медицнаның үлесіне тиеді. Ғани Өтепбайұлы, тележүргізуші: - Жаңа барлық ниетті азамат бірінші жұмысшы мамандығын тегін оқуына болады деп айтып қалдың. Бұл қалай жүзеге асырылады?  Тегін оқу үшін де тиісті талап бар. Біріншіден, үміткердің Ұлттық бірыңғай тестен алған балы 30-дан кем болмауы керек. Мұнан соң, өзі таңдаған мамандық бойынша емтиханнан өтуі тиіс. Бұдан басқа, бір аймақтың жастарын екінші аймаққа апарып оқыту жөнінде де жоба іске асырылып жатыр. Ғалия Дәулетова, ҚР БҒМ басқарма жетекшісі: - Жұмыс күші көп өңірлердің азаматтарын жүмыс күші аз өңірлерге алып келіп, оқытуға болады. Бұл өңірлерге Ақмола облысы, Қостанай, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстары кіреді. Содан кейін Солтүстік Қазақстан облысының колледждерінде оқытамыз. Оқумен қатар бітірушілерді жұмыспен қамту да маңызды. Ресми ақпаратқа қарағанда, колледж түлектерінің шамамен 78 пайызы еңбекпен қамтылады екен.  - Дәл қазір жоғары сұранысқа ие болып тұрған мамандықтарды атап берші?  Ердәулет Байдуллаев, тілші: - Бұл сұрақ бойынша Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсеновадан сұқбат алған болатынбыз. Министрдің айтуынша, 20 мамандыққа талдау жасалған. Нәтижесінде техникалық мамандар, содан кейін мұғалімдерге сұраныс жоғары екені анықталған. Сонымен қатар, ауруханалар мен емханаларға білікті дәрігерлердің жетіспеушілігі әлі де байқалып тұрған көрінеді. Өңдеу кәсіпорындары мен құрылыс саласына да білікті мамандар көптеп қажет екен.  

0 пікір
Мұрағат