Түркияда беспилотник кемелер құрастырылуда
Түркияда беспилотник кемелер құрастырылуда
1 ай бұрын 807 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Фото: ARES SHIPYARD INC

Түріктердің Ares кеме жөндеу зауыты ULAQ жобасы аясында брондалған AUSV беспилотник кемесін жаппай шығаруды бастады. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде аталмыш кеме жөндеу зауытының өкілі Онур Йылдырымға жөн сілтеген Daily Sabah ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Беспилотник кемені Meteksan Defense Industry компаниясымен бірлесіп құрастырып жатыр. Онур Йылдырымның айтуынша, AUSV жобасы 12,7 миллиметр калибрлі жауынгерлік модулді қамтиды. AUSV-дың жүз қашықтығы 400 шақырымға жетеді. Ал жүзу жылдамдығы – сағатына 65 шақырым. Сондай-ақ, аталған кеме заманауи бақылау және қадағалау құрылғыларымен және құпияланған байланыс желісімен жабдықталған. Беспилотник кемені қашықтан спутник арқылы басқаруға болады немесе өз бетінше, яғни, міндетін автономды орындай алады. Соның ішінде, өздігінен оқталады, т.б.

0 пікір
Мұрағат