Электрлік Jetpack CopterPack құрастырушылары ұшудың жаңа бейнесін көрсетті (видео)
Электрлік Jetpack CopterPack құрастырушылары ұшудың жаңа бейнесін көрсетті  (видео)
1 ай бұрын 752 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Австралиялық CopterPack компаниясы өзінің ұшу құралы үшін «электрлік рюкзак тікұшағы» деп аталатын жаңа жарнамалық бейнероликті таныстырды. Бұл жайында islam.kz порталы techcult ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бейнежазба бұл құрылғының жұмыс істеу принципін ашпайтындай етіп арнайы түсірілген, алайда, оның әуе арқылы қатынауға мүмкіндік беретін жеке көлікке айналу мүмкіндігі жоғары екенін байқай аласыз. Дегенмен бұл құрылғының шынайы сипаттамалары әлі белгісіз. CopterPack веб-сайтында бұл құрылғы туралы ақпарат өте жұтаң, әзірлеушілер өз құрылғысы туралы деректі құпия ұстауда. Дизайнында көміртекті талшықты пайдаланғаны белгілі, ал қозғалтқыш жүйесінде автоматты теңгерім функциясы бар. Шамасы, мұнда бірнеше деңгейлі қалақтары бар өлшемдегі винттер қолданылады. Бұл адамды аспанға көтеруге қабілетті «бір байламдағы» дрондар жиынтығын өте еске түсіреді. Ал қауіпсіздік деңгейі қандай? Ұшқан адам құлаған жағдайда парашютпен жабдықталған ба? Бұдан бөлек, құрылғының маневр жасау әрі реакция таныту мүмкіндігі де ойдағыдай емес. Мұның бәрі әлі құпия.

 

0 пікір
Мұрағат