Танкке қарсы ұшқышсыз ұшу аппараты құрастырылды (видео)
Танкке қарсы ұшқышсыз ұшу аппараты құрастырылды (видео)
11 ай бұрын 1393 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Беспилотник барлауға да, ұрыс жүргізуге де қабілетті. Бұл жайында islam.kz порталы "Israel Defense" ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Лондон қаласында өткен DSEI халықаралық көрмеде Israel Aerospace Industries компаниясы тігінен ұшып-қону (VTOL) жүйесі бар, танкке қарсы Rotem Alpha тактикалық қаруын жұртшылық назарына ұсынды. Бұл ұшқышсыз ұшу аппараты бірнеше ондаған шақырым қашықтықта жұмыс істеуге, әуеде 60 минутқа дейін қалықтауға немесе 24 сағатқа дейін бақылау миссиясын орындауға қабілетті. Сонымен қатар, ұшқышсыз ұшу аппараты, тіпті, қолайсыз ауа райында барлау тапсырмаларын орындауға, ұрыс кеңістігін (майдан даласын) бақылауға және оператордың бұйрығымен көзделген нысанаға соққы беруге қабілетті. Оның тұрқы шағын - небәрі 25 келі тартады, бұл артықшылық саррбаздарға оны арқалап алып жүруіне мүмкіндік береді. Дронды жинау және дайындау бірнеше минутты алады, ал толық жұмыс істеген кезде Rotem Alpha екі минуттан аз уақыт ішінде көкке көтеріледі.

0 пікір
Мұрағат