Саңылаудан өте алатын тарнсформер робот құрастырылды (видео)
Саңылаудан өте алатын тарнсформер робот құрастырылды (видео)
11 ай бұрын 643 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Боулдердегі Колорадо университетінің ғалымдары CLARI деп аталатын, адам енуі қиын жерлерді зерттеуге арналған шағын және икемді робот құрастырды. Бұл жайында islam.kz порталы hightech.fm ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Төртбұрышты робот бос орындардан өту үшін тегіс болады. Құрылғы табиғи апаттардан кейін құтқарушыларға үйіндінің асты мен қуысын тінтуге мүмкіндік береді. Төрт жағында аяғы бар шаршы болып келетін робот қажет кезінде пішінін өзгерте алады, дәлірегі, сыртқы жағдайларға байланысты құрылғы шаян тәрізді жалпаяды немесе созылады. Роботтың өлшемдері төртбұрышты пішінде 34 мм-ден ұзартылған пішінде ені 21 мм-ге дейін ауытқиды. CLARI әрбір аяғы дербес робот сияқты дерлік жұмыс істейді, оның жеке тақшасы және жамбас буыны сияқты қозғалысты басқаратын қос жетектері бар. Бұл ерекшелік бірнеше роботтарды бір құрылымға қосу үшін модулдік дизайнды пайдалануға мүмкіндік береді. Мәселен, қазіргі уақытта инженерлер сегіз аяқты икемді және түрлендіруге болатын роботты «робоспид» жасау үстінде.

0 пікір
Мұрағат