Аса ірі лития кеніші табылды
Аса ірі лития кеніші табылды
11 ай бұрын 923 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Геологтар Америка құрама штаттары аумағына, дәлірегі, Невада мен Орегон шекарасынан литияның аса ірі кен орнын тапты. Бұл жайында islam.kz порталы science.org сайтына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Тәуелсіз сарапшылар аталмыш кеніштің әлемдегі ең ірісі екенін алға тартып отыр. Ондағы лития қоры кем дегенде 20 млн тоннаны құрайды немесе 40 млн тоннаға дейін жетеді. Яғни, жаңадан табылған лития кенішіндегі қор Боливиядағы лития кен қорынан ғана кем түседі. Бұл жаңалық өз кезегінде стратегиялық маңызы зор лития өндірісінң динамикасын өзгертіп, бағасын арзандатады. Лития - медицина саласынан бастап отптика, тағам, тоқыма өнеркәсібіне дейін, замануи технологияда (ұшқышсық ұшатын аппараттарда, смартфондарда, электрмен жүретін көліктерде, электрмен жұмыс істейтін құрал-саймандарда, роботта, т.б.) кеңінен қолданылатын жеңіл металл. Бұл кен орны 16 000 000 жылдан астам уақыт бұрын аймақтағы жанартау белсенділігінің нәтижесінде пайда болды. Жанартау атқылаған кезде литиге бай магма жер бетіне шықты. Ол топырақтың саз қабаттарын қанықтырып, оны бірегей саз топыраққа айналдырды. Миллиондаған жылдар бойы бұл аймақтағы сейсмикалық белсенділік литидің жаңа «түзілімін» қалыптастырды. Нәтижесінде 180 метрден астам тереңдікте иллит қабаты пайда болды. Десе де осынау аса құнды технологиялық металды өндіру адамзат үшін салдары ауыр қиындықтар тудыруы мүмкін. Атмосфераға орасан зор көмірқышқыл газы бөлінеді. Бұдан бөлек, лития өндіру технологиясы әлі жетілмеген. Жерасты суы ауыр металдармен ластануы мүмкін. Экологтар мен белсенділердің және табиғат жанашырларының наразылығы мен қарсылығына қарамастан аталмыш кен орнын игеру жұмыстары басталып кетті.

0 пікір
Мұрағат