Мысыр университетінің студенттері зағиптер үшін «ақылды көзілдірік» ойлап тапты
Мысыр университетінің студенттері зағиптер үшін «ақылды көзілдірік» ойлап тапты
11 ай бұрын 1847 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Мысыр астанасы – Кайр қаласынан солтүстікке қарай 134 шақырым қашық орналасқан Кафр еш Шейх қаласындағы 2006 жылы салынған университет студенттері ойлап тапқан «Ақылды жарық» көзілдірігі зағиптер мен көзі нашар көретіндерге қоршаған кеңістікте бағдар алуына көмектеседі. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Scoop Empire сайтына жөн сілтегенislamosfera ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталмыш жоғарғы оқу орнының жасанды зерде факултетінің студенттерінің инновациялық жобасы тыңнан түрен салған жоба емес, одан бұрын әлемде «Менің жанарым бол» (Be My Eyes) деп аталатын қолданба мүмкіндігі шектеулі жандарға жәрдем құралына айналған еді. Алайда, «Ақылды жарық» құрылғысының бірқатар артықшылығы бар. Атап айтқанда, бұл көзілдірік ең алдымен араб тілді ортаға арналған. Ерекше қажеттілігі бар жандарға қошаған ортада бағдар алуына көмектесіп қоймай, өзара әрекеттесуіне де көмектеседі. Осы заманғы озық технолоиямен жабдықталған көзілдірік тану жүйесімен жабдықталған, араб және ағылшын тілдерінде ақпарат береді пайдаланушыға. Бұдан бөлек, түстерді тануға көмектеседі. Бұл көзілдіріктің бірегей ерекшеліктерінің бірі -  пайдаланушы түрлі онлайн платформаларға қосыла алады. Зағип жандар YouTube сияқты веб-сайттарға кіріп, Facebook арқылы бейне қоңыраулар шала алады, дауыстық хабарламалар жібере алады, тіпті, бухгалтерлік есеппен айналыса алады. Технологиялардың бұл интеграциясы оларға мейлінше өзгелердің көмегіне мұқтаждықтан құтқарады пен цифрлық әлемге қосылуға мүмкіндік береді.

0 пікір
Мұрағат