Қытайда виртуалды қызметшілері бар қонақүй ашылады (видео)
Қытайда виртуалды қызметшілері бар қонақүй ашылады (видео)
2 жыл бұрын 1162 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Тencent және Ouyu Technology компаниялары Қытай аумағында 2022 жылдың тамыз айының соңында ерекше қонақүй ашпақ. Мейманхана киберспортшыларға арналған. Бұл қонақүйді VEEGY деп аталатын виртуалды ассисент басқарады. Бұл жайында islam.kz порталы psm7.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Сырт келбеті киберспорт стилінде. Жаттығуға арналған орынды, консолдарды қамтиды, әр бөлмесі компьютерлермен, мниторлармен, теледидармен жабдықталған. Қонақүйден нөмір жалдау үшін мейман қажетті платформаны таңдай алады: персоналды компьютер, консол немесе ойын смартфонын пайдалана алады. Жалпы залда меймандар үшін тақырыптық ойынш-сауық шаралары қарастырылған. Мәселен, өзге киерспортшымен жарысып, өзінің жылдамдығы мен ептілігін байқай алады. Ең басты ерекшелігі – VEEGY деп аталатын виртуалды ассистент. Ол барлық жерде, дәлірегі, жалпы залда, нөмірде, т.б. болады, цифрлы көмекші меймандардың сауалдарына жауап береді, жөн көрсетеді, нөмірде фильм қойып береді, өщге қызметшілерді шақырады, түскі асұатапсырыс береді, ойынға машықтандырады, т.б.

0 пікір
Мұрағат