Климат өзгерісі адамға патогеннің әсерін күшейтеді
Климат өзгерісі адамға патогеннің әсерін күшейтеді
2 жыл бұрын 1145 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Табиғи апаттар адамның шамамен 58% патогендік ауруларын күшейтетін болып шықты. Яғни, климат дағдарысы кезінде вирустан, бактериялардан, паразиттерден жұқпалы індет қатері артады. Бұл жайында islam.kz порталы ScienceAlert ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Мұндай қорытындыға американдық ғалымдар табиғи апаттар мен 375 ауру арасындағы байланысты көрсететін интерактивті диаграмманы талдау барысында келді. Оның 277-сі аптап ыстық, орман өрті мен су тасқыны салдарынан жылдам таралатыны белгілі болды. Су тасқыны су массасын жылжытады және көптеген адамдар, мысалы, тырысқақ таяқшасымен тығыз байланыста болады. Құрғақшылық кезінде жабайы жануарлар елді мекендерге жиі келіп, ауру қоздырғыштарын көбірек тасымалдайды. Жауын-шашынның көп түсуіне байланысты жәндіктер тіршілік ету ортасын кеңейтіп, адамдарға инфекциялық ауруларды жұқтыруда. Бұл арада қанды безгегі, безгек, трипаносомоз, оба, сальмонеллез, іш сүзегі, Лайма және Зика аурулары және т.б. сияқты жұқпалы аурулар турасында сөз болып отыр. Біртіндеп еріген мұздықтарда сақталған патогендер де адамзатқа қауіпті төндіруі мүмкін. Жалпы алғанда, ғалымдар тарихта аурудың өршуі климаттық апаттармен байланысты 3213 фактіні тапты.

0 пікір
Мұрағат