Таяу Шығыс еліндегі кедейлік шегіне жетті
Таяу Шығыс еліндегі кедейлік шегіне жетті
2 ай бұрын 398 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Иранның ет өнеркәсібі қауымдастығының жетекшісі ел тұрғындары жылына үш келі етті ғана қанағат етуіне тура келгенін жеткізді. Бұл жайында islam.kz порталы cursorinfo.co.il ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Яғни, шиғалар елінің азаматтарының жылына етті тұтыну көрсеткіші 3 келіден аспаған. Парсы еліндегі шарықтаған инфляция миллиондаған адамға кедейлік қамытын кигізген. Тура мағынасында. Иранның статистикалық орталығы келтірген деректерге қарағанда, үш адамнын тұратын отбасы ет қослған тағамды тұтынғысы келсе, олар бір келі ет алу үшін отбасының бір күнде тапқан табысын жұмсайды. Етті тұтыну көрсеткіші – экономика көрсетіші, халықтың әл-ауқатының барометрі. Мәселен, салыстыру үшін алсақ, 1993 жылы қытайлардың жан басына шаққанда ет тұтыну көрсеткіші жылына 5 келіні құраған болатын. Қазір бұл көрсеткіш Қытайда 53 келіге жеткен. Иранның мал шаруашылығы одағының бас директоры өткен жылы жан басына шаққанда етті тұтыну көрсеткіші 12 келіден 6 келіге дейін төмендегінін мәлімдеген еді. Былайша айтқанда, айналдырған үш жыл ішінде етті тұтыну көрсеткіші 50 пайызға кеміп кеткен.

0 пікір
Мұрағат