|
Қарбалас өмір қатері: уақыт жетіспеушілігі қауіпті ауруға ұрындыруы мүмкін
|
Адам өмірі өзі қалыптастырған өмір салты мен кестеден ғана тұрамайды, сыртқы факторлардан да тұрады. Сондай факторлардың біріне - уақыт тапшылығы мен қарбалас өмір жатады. Бұл жайында islam.kz порталы The Lancet медициналық мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Таяуда жасалған баяндамада айтылғандай, “уақыт теңсіздігі” ұғымы әдетте әлеуметтік-экономикалық жағдайы қаржыдан қысылмайтын адамдардың мәртебесі арасындағы айырмашылықты қамтиды. Мұндай теңсіздік немесе айырмашылық та кедейлердің денсаулығына қауіп төндіретін қосымша фактор ретінде сипатталады. Әсіресе, жадыға қатысты конгнитивті қабілеттің жойылуы қарбалас өмірмен байланысты болып шыққан. Уақыт жетіспеушіліген адамдардың ұйқысы қанбайды. Шала ұйқы нейродегенеретивті ауруларға бастайтыннегізгі факторға айналған. Тіптіғ дамыған елдердің өзінде жалпы атауы алжу деп аталатын ауру өлім-жітімнің негізгі себептерінің біріне айналған. Ұлыбританияда бұл аурумен 944 000 адам, ал АҚШ-та 7 миллионға жуық адам өмір сүреді. Деменцияның бірнеше түрі бар, бірақ, ең көп таралған түрі Альцгеймер ауруы, ол осы диагнозы бар он адамның алтауын қамтиды. Деменцияны емдейтін арнайы дәрі-дәрмек болмаса да ерте диагностика (дертті ерте анықтау) ауруды асқындырмай алдын алуға (профилактика) көмектеседі. Алайда, тұрмысы төмен топтағылар өзін-өзін күтуге, саламатты өмір салтын сақтауға уақыт тапшылығынан жете көңіл бөле алмайды. Сарапшылар уақыт теңсіздігін ұйықтауға уақыт таппайтындарға қарата қолданғанымен бұл ұғымның ішіне экранға тәуелділікті де қосады. Экранға тәуелділік, неге екені белгісіз, байларға қарағанда кедейлер арасында көп. Өмірдің қызығын цифлы кеңістіктен іздеу әдетінен ішкі биологиялық сағат жүрісінен жаңылады, яғни, циркадты ырғақ бұзылады. Еңбек тиімділігін, уақыт тиімділігін арттыруы тиіс технологиялық игіліктер мен жетістіктер керісінше әсер беріп отыр. Конгнитивті салмақ, ақпараттар ағыны адам жадысына керісінше әсер етеді, ми қызметіне теріс ықпал етпек. Созылмалы стресс адамның іштей түлеуіне, организмнің жаңғыруына кедергі келтіреді. Alzheimer's Society қайырымдылық ұйымының дерегі бойынша деменция дертінің шамамен 40 пайызын болдырмауға болады және түрлі академиялық институттардың зерттеушілері адамдардың ми денсаулығын нығайтудың бірнеше тәсілдерін анықтады: жаңа дағдыларды игеру, қосымша тіл білу, кітап оқу, т.б. арқылы ақыл-ой белсенділігін қолдау; белсенді әлеуметтік өмір; күнделікті жаттығуларға уақыт бөлу; дұрыс тамақтану, т.б.. Осы айдың басында зерттеушілер семіздіктің деменцияның ең кең таралған түрі - Альцгеймер ауруының пайда болу қаупін неге айтарлықтай арттыратынын анықтады. Сарапшылар семіздік қан қысымы, сондай-ақ, онкологиялық сияқты қауіпті аурулар қатерін арттыратынын ескертіп отыр, ал зерттеу нәтижеелері мұндай аурулар когнитивтік қабілетті төмендетеді. Жаттығулар мен спорт деменция дертінің қатерін 41 пайызға төмендететіні де белгілі болып отыр. Алайда, спортпен шұғылданудың өзіне уақыт керек. Америкалық ғалымдар артық салмақтан зардап шегетін адамдарда майды сақтауға арналған кішкентай молекулалардың көбі мидағы бір уытты ақуыздың, атап айтқанда, амилоидтың таралуына бейім ететінін анықтады. Сондай-ақ, басқа ақуыздың едәуір бөліктері - тау түйіндерді түзуі мүмкін. Аталған ақуыздар Альцгеймер ауруының себептерінің бірінен саналады.